"Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамы акцияларының пакетін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы»
Пресс-релизі
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және 27-бабының 13) тармақшасына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес қабылданды.
Қаулы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін жеке меншіктен республикалық меншікке беруді көздейді.
«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ медициналық қызметтер мен сапалы қызметті ұсынатын Орталық Азиядағы жетекші нейрохирургиялық ұйым болып табылады, соның ішінде:
- нейрохирургиялық аурулар кезінде жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
- нейрохирургия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, оның негізінде емдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін тиімді құру;
- халыққа нейрохирургиялық көмекті ұйымдастырудың әдістер мен түрлерін әзірлеу, сондай-ақ оқу әдістемелік қызметтер және осы саладағы мамандарды қайта даярлау.