"Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 187 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2022 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 812-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Депозитарий – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімі, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аудит міндетті болып табылатын ұйымдар осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен Уәкілетті ұйымға "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында аудиторлық есепті де (қол қойылған және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесін) береді. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар аудиторлық есепті шоғырландырылған есептілік бойынша ұсынады.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Уәкілетті ұйымның өңірлік бөлімшелерінде (электрондық ақпарат тасығыштарда) немесе депозитарийдің веб-сайтында алуға болатын бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қаржылық есептілікті дайындайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жұмыс істеу нәтижесінде қаржылық есептілігі, оны бекіту туралы шешімі және аудиторлық есебі, сондай-ақ оның сәйкестендіру көрсеткіштері бар бір мұрағат файлы (бұдан әрі – электрондық есеп) қалыптастырылады, оған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұлттық куәландырушы орталық берген ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылуы қажет;";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті ұйым ұсынылған аудиторлық есептің және қаржылық есептіліктің мазмұнын қарамайды.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 187 қаулысына
қосымша
  Қаржылық есептілікті
депозитарийге беру
қағидаларына қосымша

Қаржылық есептілік депозитарийі ұйымының сәйкестендіру көрсеткіштері

Р/с

Көрсеткіш

Түсіндірме

1.

БСН

Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

2.

Мемлекеттік тіркелген күні

Ұйымның мемлекеттік (есептік) тіркелген (қайта тіркелген) күні

3.

Атау

Ұйымның толық атауы

4.

Орналасқан жері

Ұйымның заңды мекенжайы (пошталық индексі, облыс, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің, пәтердің, телефонның, факстың нөмірі, веб-сайты, е-mail)

5.

Басшы (жоғары лауазымды тұлға)

Ұйымның бірінші басшысының (ұйымның жоғары лауазымды тұлғасының) тегі, аты-жөні және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

6.

Бухгалтер

Ұйымның бас бухгалтерінің тегі, аты-жөні және ЖСН, сондай-ақ кәсіби бухгалтердің сертификаты туралы мәліметтер (кім берді, берілген күні, сертификаттың нөмірі), ол мүшесі болып табылатын бухгалтердің кәсіби ұйымының атауы (мүшелік билеттің немесе бухгалтердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні)


О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2011 года № 1173 "Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2016 года № 187. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 февраля 2022 года № 65.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 16.02.2022 № 65 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2011 года № 1173 "Об утверждении Правил представления финансовой отчетности в депозитарий" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 57, ст. 812) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах представления финансовой отчетности в депозитарий, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Депозитарий - электронная база данных, содержащая годовую финансовую отчетность и аудиторские отчеты, ежегодно сдаваемые организациями, списки аффилиированных лиц акционерных обществ, а также информацию о корпоративных событиях акционерных обществ, с открытым для пользователей доступом.";

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Организации, для которых аудит является обязательным в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан, представляют в Уполномоченную организацию также аудиторский отчет в электронном формате "PDF (Portable Document Format)" (сканированная копия подписанного и заверенного печатью аудиторской организации бумажного варианта) в порядке, установленном пунктом 8 настоящих Правил. Аудиторский отчет организациями, имеющими дочерние организации, представляется по консолидированной отчетности.";

      подпункт 1) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "1) подготавливают финансовую отчетность посредством программного обеспечения, которое можно получить в региональных отделениях Уполномоченной организации (на электронных носителях информации) или на веб-сайте депозитария. В результате работы с программным обеспечением формируется один архивный файл с финансовой отчетностью, решением о ее утверждении и аудиторским отчетом, а также ее показателями идентификации, согласно приложению к настоящим Правилам (далее – электронный отчет), который необходимо подписать электронной цифровой подписью организации, выданной национальным удостоверяющим центром;";

      пункт 11 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Уполномоченная организация не рассматривает содержание представленных аудиторского отчета и финансовой отчетности.";

      приложение к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 7 апреля 2016 года № 187
Приложение
к Правилам представления
финансовой отчетности в
депозитарий

Показатели идентификации организации депозитария
финансовой отчетности

№ п/п

Показатель

Пояснение

1.

БИН

Бизнес-идентификационный номер организации

2.

Дата государственной регистрации

Дата государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) организации

3.

Наименование

Полное наименование организации

4.

Местонахождение

Юридический адрес организации (почтовый индекс, область, район, населенный пункт, наименование улицы, номер дома, квартиры, телефона, факса, веб-сайт, e-mail)

5.

Руководитель (высшее должностное лицо)

Фамилия, инициалы и индивидуальный идентификационный номер (ИИН) первого руководителя (высшего должностного лица организации)

6.

Бухгалтер

Фамилия, инициалы и ИИН главного бухгалтера организации, а также сведения о сертификате профессионального бухгалтера (кем выдан, дата выдачи, номер сертификата), наименование профессиональной организации бухгалтеров, членом которого он является (номер и дата членского билета или документа, подтверждающего членство в профессиональной организации бухгалтеров)