"Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 188 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 861 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2019 № 861 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:

      2-тармақта:

      4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      8) тармақшада:

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      он екінші абзац алып тасталсын;

      10) тармақшада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) стратегиялық әріптестер - тапсырыс беруші айқындайтын, тиісті (интеллектуалдық, ғылыми, әдіснамалық, білім беру, технологиялық, кадрлық) ресурстары бар және мына:";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "оқыту үдерісін қамтамасыз ететін кабинеттер мен зертханалар үшін жабдықтарды әзірлеу және өндіру салаларының бірінде немесе бірнешеуінде халықаралық қызмет тәжірибесі бар ұйым;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

      12-тармақта:

      екінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші, төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырыс берушілер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімде оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат береді.

      Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімде беріледі.";

      18-тармақта:

      24) тармақша алып тасталсын;

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 "Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2016 года № 188. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2019 года № 861

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.11.2019 № 861 (вводится в действие с 01.01.2020).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 мая 2009 года № 787 "Об утверждении Типовых правил закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 27-28, ст. 245) следующие изменения:

      в Типовых правилах закупок товаров, работ и услуг, осуществляемых национальным управляющим холдингом, национальными холдингами, национальными компаниями и организациями, пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, национальному холдингу, национальной компании, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 2:

      подпункты 4), 5) и 6) исключить;

      в подпункте 8):

      абзац одиннадцатый изложить в следующей редакции:

      "приобретения сельскохозяйственной продукции и продуктов ее переработки, а также услуг по их хранению, переработке, перевозке, осуществляемых в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      абзац двенадцатый исключить;

      в подпункте 10):

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "10) стратегические партнеры - определяемые заказчиком организации, располагающие соответствующими ресурсами (интеллектуальными, научными, методологическими, образовательными, технологическими, кадровыми), и имеющие международный опыт деятельности в одной или нескольких из следующих областей:";

      в абзац пятый вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      подпункт 11) исключить;

      подпункты 5) и 6) пункта 3 исключить;

      в пункте 12:

      часть вторую исключить;

      части третью, четвертую изложить в следующей редакции:

      "Заказчики представляют информацию по местному содержанию в закупках товаров и услуг в уполномоченный орган в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности по форме и в сроки, установленные им.

      Информация по местному содержанию в закупках товаров, работ и услуг национального управляющего холдинга и организаций, пятьдесят и более процентов акций (долей участия в уставном капитале) которых прямо или косвенно принадлежат национальному управляющему холдингу, представляется консолидированно в лице национального управляющего холдинга в уполномоченный орган в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности по форме и в сроки, установленные им.";

      в пункте 18:

      подпункт 24) исключить;

      подпункт 27) изложить в следующей редакции:

      "27) приобретения авиатоплива субъектами гражданской авиации Республики Казахстан у нефтеперерабатывающих предприятий;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьеp-Министр

      Республики Казахстан К. Масимов