"Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 198 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерінде және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 800000 адамнан артық облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года № 1324 "О некоторых вопросах утверждения лимитов штатной численности местных исполнительных органов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2016 года № 198

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года № 1324 «О некоторых вопросах утверждения лимитов штатной численности местных исполнительных органов» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 49, ст. 627) следующее дополнение:
      в лимитах штатной численности местных исполнительных органов и предельном числе заместителей акимов областей, городов Алматы и Астаны, районов (городов областного значения), утвержденных указанным постановлением:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      «Предельное число заместителей акимов городов областного значения с численностью населения менее 400000 человек не должно превышать 3 единиц. Предельное число заместителей акимов городов областного значения с численностью населения свыше 400000 человек не должно превышать 4 единиц. Предельное число заместителей акимов городов областного значения с численностью населения свыше 800000 человек не должно превышать 5 единиц.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов