2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орлиногор орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) жалпы ауданы 126,2 гектар жер учаскелері орман қорының жері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес өзге де жер санатына ауыстырылсын.
2. «Сырымбет» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман және ауыл
шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 22 сәуірдегі
№ 240 қаулысына
қосымша
Орман қорының жері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес өзге де жер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
Оның ішінде: |
||
орман көмкерген |
орман көмкермеген |
басқа жерлер (саз) |
||
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орлиногор орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
126,2 |
119,3 |
1,1 |
5,8 |
Барлығы: |
126,2 |
119,3 |
1,1 |
5,8 |