Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 240 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орлиногор орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) жалпы ауданы 126,2 гектар жер учаскелері орман қорының жері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес өзге де жер санатына ауыстырылсын.
      2. «Сырымбет» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман және ауыл
шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 22 сәуірдегі
№ 240 қаулысына    
қосымша        

Орман қорының жері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес өзге де жер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде:

орман көмкерген

орман көмкермеген

басқа жерлер (саз)

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орлиногор орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

126,2

119,3

1,1

5,8

Барлығы:

126,2

119,3

1,1

5,8

О переводе отдельных участков земель лесного фонда в земли другой категории

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 2016 года № 240

      В соответствии со статьей 130 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года и статьей 51 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Перевести земельные участки коммунального государственного учреждения «Лесное хозяйство Орлиногорское» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Северо-Казахстанской области» (далее — учреждение) общей площадью 126,2 гектара из категории земель лесного фонда в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Акционерному обществу «Сырымбет» в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан возместить в доход республиканского бюджета потери лесохозяйственного производства, вызванные изъятием лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного и сельского хозяйства, и принять меры по расчистке площади с передачей полученной древесины на баланс указанного учреждения.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                      К. Масимов

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 22 апреля 2016 года № 240

                          Экспликация земель,
      переводимых из категории земель лесного фонда в земли
     промышленности, транспорта, связи, для нужд космической
    деятельности, обороны, национальной безопасности и иного
                   несельскохозяйственного назначения

Наименование землепользователя

Общая площадь, гектаров

В том числе:

покрытая лесом

не покрытая лесом

прочие земли (болота)

Коммунальное государственное учреждение «Лесное хозяйство Орлиногорское» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Северо-Казахстанской области»

126,2

119,3

1,1

5,8

Всего:

126,2

119,3

1,1

5,8