Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 наурызда Мәскеуде жасалған Өсімдіктер сорттарын құқықтық қорғау туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов