Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 қаулысы.

      "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 мамырдағы
№ 301 қаулысымен
бекітілген

Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық қондырғыларды және көму пункттерін (бұдан әрі – ЯҚКП) орналастыру алаңын таңдау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) ЯҚКП орналасатын аудан – ЯҚКП қауіпсіздігіне әсер етуге қабілетті құбылыстар, процестер немесе оқиғалар пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін ЯҚКП орналастыру мақсатында зерттелуге тиіс аумақ;

      2) ЯҚКП орналастыру алаңы – ЯҚКП-ның барлық негізгі және қосалқы құрылыстары орналасатын қорғалатын периметр шегіндегі аумақ;

      3) пайдаланушы ұйым – атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

2. ЯҚКП орналастыру алаңдарын таңдау тәртібі

      3. Салу және салу ауданы туралы шешім қабылданғаннан кейін ЯҚКП орналастыру алаңын таңдау жұмыстары жүргізіледі.

      4. ЯҚКП орналасатын алаң:

      1) табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы ықтимал сыртқы әсерлерді;

      2) радиоактивті заттарды ықтимал көшіруді;

      3) ЯҚКП пайдалану нәтижесінде немесе тосын оқиғалар немесе авариялардың туындауы нәтижесінде халыққа және қоршаған ортаға зиянды болдырмау мүмкіндігін ескере отырып анықталады.

      5. ЯҚКП жобалау және салу алаңын таңдау бірнеше (үштен кем емес) бәсекелес алаңды айқындай отырып жобалау ауданын алдын ала зерттеуді қамтиды.

      6. ЯҚКП алаңын таңдау бойынша жұмыстар техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу немесе құрылысты инвестициялауды негіздеу сатысында жүзеге асырылады.

      7. Пайдаланушы ұйым:

      1) техникалық-экономикалық негіздемені;

      2) қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалауды;

      3) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікке талдау бойынша алдын ала есепті;

      4) сызбаларды қамтитын ЯҚКП алаңын таңдау жөніндегі негіздейтін құжаттарды әзірлейді.

      8. ЯҚКП жобалау құжаттары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардан өткізіледі.

      9. 1 және 2-санатты радиациялық қауіпсіздіктің ЯҚКП орналастыру және салу алаңын таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасы ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына жатады.

Об утверждении Правил выбора площадки размещения ядерных установок и пунктов захоронения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 мая 2016 года № 301.

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 12 января 2016 года "Об использовании атомной энергии" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выбора площадки размещения ядерных установок и пунктов захоронения.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 24 мая 2016 года № 301

Правила
выбора площадки размещения ядерных установок
и пунктов захоронения
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выбора площадки размещения ядерных установок и пунктов захоронения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 5 Закона Республики Казахстан от

      12 января 2016 года "Об использовании атомной энергии" и устанавливают порядок выбора площадки размещения ядерных установок и пунктов захоронения (далее – ЯУПЗ).

      2. В настоящих Правилах применяются следующие термины и определения:

      1) район размещения ЯУПЗ - территория, подлежащая исследованию в целях размещения площадки ЯУПЗ, на которой проявляются или могут проявляться явления, процессы или события, способные оказать влияние на безопасность ЯУПЗ;

      2) площадка размещения ЯУПЗ - территория в пределах охраняемого периметра, на которой размещаются все основные и вспомогательные сооружения ЯУПЗ;

      3) эксплуатирующая организация – юридическое лицо, осуществляющее деятельность по обращению с объектами использования атомной энергии.

2. Порядок выбора площадки размещения ЯУПЗ

      3. После принятия решения о строительстве и районе строительства проводятся работы по выбору площадки размещения ЯУПЗ.

      4. Площадка размещения ЯУПЗ определяется с учетом:

      1) возможных внешних воздействий природного и (или) техногенного характера;

      2) возможного переноса радиоактивных веществ;

      3) возможности предотвращения ущерба населению и окружающей среде в результате эксплуатации ЯУПЗ или возникновения инцидентов или аварий.

      5. Выбор площадки для проектирования и строительства ЯУПЗ включает предварительное исследование района проектирования с определением нескольких (не менее трех) конкурентных площадок.

      6. Работы по выбору площадки ЯУПЗ осуществляются на стадии разработки технико-экономического обоснования или обоснования инвестиций строительства.

      7. Эксплуатирующая организация разрабатывает проектную документацию по выбору площадки ЯУПЗ, включающую:

      1) технико-экономическое обоснование;

      2) предварительную оценку воздействия на окружающую среду;

      3) предварительный отчет по анализу ядерной, радиационной и ядерной физической безопасности;

      4) чертежи.

      8. Проектные документы ЯУПЗ в обязательном порядке проходят государственные экологическую и санитарно-эпидемиологическую экспертизы.

      9. Проектная документация по выбору площадок размещения и строительству ЯУПЗ 1 и 2 категорий радиационной опасности подлежит экспертизе ядерной, радиационной и ядерной физической безопасности.