«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 13) тармақшасына, 114-бабына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлікті сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) акциялары пакетінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету құқығын беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті осы қаулының 3-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғам акцияларын төлеуге берілсін.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 4-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 317 қаулысына
қосымша
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беретін мүліктің тізбесі
Р/с № |
Объектінің атауы |
Орналасқан жерi (кадастрлық нөмірі) |
Берілетін алаң (м2) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Аурухана |
Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38 (21:320:097:819:38/А) |
34654,6 |
2 |
Тұрғын үй |
Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38 (21:320:097:819:38/Б) |
4160,0 |
3 |
Энергоблок |
Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38 (21:320:097:819:38/В) |
1280,4 |
4 |
Бақылау-өткізу бекеті |
Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38 (21:320:097:819:38/Ж) |
16,4 |
5 |
Бақылау-өткізу бекеті |
Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38 (21:320:097:819:38/Е) |
16,4 |
6 |
Құрылыс |
Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38 (21:320:097:819:38/Д) |
210,3 |