Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 18.10.2018 № 659 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын.
2. "Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Glоbаl Environment Fаcility) бойынша ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1289 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |