Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 941 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын.
2. "Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Glоbаl Environment Fаcility) бойынша ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 412 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |