"Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 443 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.05.2018 № 282 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1122-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларында:

      13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер өтініш ағымдағы күнтізбелік жылға берілсе, алдыңғы күнтізбелік жылдың деректерімен не егер өтініш алдағы күнтізбелік жылға берілген болса, енгізілетін түзетулер ескеріле отырып, көрсетілген кезеңдегі бюджет негізінде жыл бойынша болжамды деректерге негізделе отырып есептелген ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша деректермен салыстырғанда минералдық шикізаттың, пайдалы қазбаның, металдың бір тоннасына есептегенде ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алуға жұмсалатын шығындарды және Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды алуға жұмсалатын жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты шығындарды қоспағанда, өндірістік шығындар, өткізу шығындары мен жалпы әкімшілік шығындар 10 %-дан жоғары ұлғайған жағдайда, негізсіз ұлғайтылуы;"

      17-тармақта:

      1) тармақшаның он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын, ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің өсуіне байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасының ұлғаюын, сондай-ақ ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алу және жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды сатып алу бойынша шегерімдердің ұлғаюын қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс.";

      2) тармақшаның он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын, ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің өсуіне байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасының ұлғаюын, сондай-ақ ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алу және жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды сатып алу бойынша шегерімдердің ұлғаюын қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылы минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда, шегерімдер сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуі тиіс.";

      3) тармақшаның он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық салынатын табысты айқындау кезінде салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасы қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерімдер сомасын, ұлғаюы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің өсуіне байланысты шығыстар есебінен шегерімдер сомасының ұлғаюын, сондай-ақ ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатысты айырбас бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауарларды сатып алу және жылдық инфляция деңгейінің ұлғаюына байланысты Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды сатып алу бойынша шегерімдердің ұлғаюын қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішіндегі шегерімдер сомасынан аспауы тиіс. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылы минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астам ауытқыған жағдайда, шегерімдер сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуі тиіс.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 "Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июля 2016 года № 443. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2018 года № 282 (вводится в действие с 1 января 2018 года)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.05.2018 № 282 (вводится в действие с 01.01.2018).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2012 года № 1379 "Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 75-76, ст. 1122) следующие изменения:

      в Правилах отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, к категории низкорентабельных и налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 4) пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "4) необоснованное увеличение, в случае увеличения более чем на 10 %, производственных затрат, затрат на реализацию и общеадминистративных затрат, за исключением затрат на приобретение импортируемых товаров, связанных с ростом обменного курса национальной валюты по отношению к иностранным валютам, и затрат на приобретение товаров, произведенных в Республике Казахстан, связанных с увеличением уровня годовой инфляции, в расчете на тонну минерального сырья, полезного ископаемого, металла в сравнении с данными за предыдущий календарный год, если заявление подается на текущий календарный год, либо с данными по текущему календарному году, исходя из прогнозных данных по году, рассчитанных на основе бюджета за указанный период с учетом вносимых корректировок, если заявление подается на предстоящий календарный год;";

      в пункте 17:

      абзац четырнадцатый подпункта 1) изложить в следующей редакции:

      "При определении налогооблагаемого дохода сумма вычетов за налоговый период не должна превышать сумму вычетов за предыдущий налоговый период, за исключением сумм вычетов за счет дополнительных налоговых обязательств, увеличения сумм вычетов за счет расходов, увеличение которых связано с повышением тарифов на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии, а также увеличения вычетов по приобретению импортируемых товаров, связанных с ростом обменного курса национальной валюты по отношению к иностранным валютам и приобретению товаров, произведенных в Республике Казахстан, связанных с увеличением уровня годовой инфляции.";

      абзац тринадцатый подпункта 2) изложить в следующей редакции:

      "При определении налогооблагаемого дохода сумма вычетов за налоговый период не должна превышать сумму вычетов за предыдущий налоговый период, за исключением сумм вычетов за счет дополнительных налоговых обязательств, увеличения сумм вычетов за счет расходов, увеличение которых связано с повышением тарифов на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии, а также увеличения вычетов по приобретению импортируемых товаров, связанных с ростом обменного курса национальной валюты по отношению к иностранным валютам и приобретению товаров, произведенных в Республике Казахстан, связанных с увеличением уровня годовой инфляции. В случае отклонения планируемого объема добычи минерального сырья в текущем незавершенном календарном году более чем на 10 % от уровня предыдущего года, сумма вычетов должна быть скорректирована на разницу в добываемых объемах.";

      абзац тринадцатый подпункта 3) изложить в следующей редакции:

      "При определении налогооблагаемого дохода сумма вычетов за налоговый период не должна превышать сумму вычетов за предыдущий налоговый период, за исключением сумм вычетов за счет дополнительных налоговых обязательств, увеличения сумм вычетов за счет расходов, увеличение которых связано с повышением тарифов на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии, а также увеличения вычетов по приобретению импортируемых товаров, связанных с ростом обменного курса национальной валюты по отношению к иностранным валютам и приобретению товаров, произведенных в Республике Казахстан, связанных с увеличением уровня годовой инфляции. В случае отклонения планируемого объема добычи минерального сырья в текущем незавершенном календарном году более чем на 10 % от уровня предыдущего года, сумма вычетов должна быть скорректирована на разницу в добываемых объемах.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов