Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидаларын және өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 500 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 875 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2020 № 875 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидалары және өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 493 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін
бөлетін өңірлік операторларды айқындау
қағидалары және өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау қағидалары және өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау тәртібін және өлшемшарттарын белгілейді.

2-тарау. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай
өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау тәртібі

      2. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жанынан комиссиялар (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      3. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      4. Комиссияны облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымды адам басқарады.

      5. Комиссия құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекітеді.

      6. Комиссия құрамына Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі мөлшерінде қоғамдық ұйымдардың, жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      7. Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.

      8. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.

      9. Комиссия отырыстарын оның төрағасы қажетіне қарай шақырады.

      10. Комиссия отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, заңды деп есептеледі.

      11. Комиссия шешімдері оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      12. Қажетті құжаттарды, беру мерзімдерін, сондай-ақ Комиссия отырысының күнін көрсете отырып, мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындауға арналған өтінімдерді қабылдау туралы ақпарат Комиссия отырысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      13. Мүдделі тұлғалардан өтінімдер жергілікті атқарушы органға Комиссия отырысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік бес күн бұрын ұсынылады.

      14. Өтініш беруші мынадай құжаттарды:

      1) еркін нысанда қатысу туралы өтінімді;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе анықтаманы немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады;

      (* ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады);

      3) жарғының және/немесе құрылтай құжаттарының көшірмесін;

      4) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган берген Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің тізілімінен қызметтің басталғаны туралы үзінді-көшірмені;

      5) өтініш берушінің автоотын құю станциялары мен мұнай базаларына меншік құқығын және (немесе) жалға алу құқығын растайтын құжаттарды;

      6) көлік кәсіпорындарымен жасалған шарттардың көшірмелерін немесе көліктің болуы туралы растайтын құжаттарды;

      7) әрбір автоотын құю станциясына және мұнай өнімдерінің базасына қызметінің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін есепке алуды тіркеу карточкаларының көшірмелерін ұсынады.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтінімді қабылдамайды.

      16. Комиссия осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген өлшемшарттарды ескере отырып, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      17. Комиссия шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және оған төраға, төрағаның орынбасары, хатшы, қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      18. Комиссия хаттамасы Комиссия отырысы өткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      19. Жергілікті атқарушы орган он жұмыс күні ішінде мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау туралы тиісті қаулы шығарады.

      20. Комиссия хаттамасы және жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.

3-тарау. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай
өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау өлшемшарттары

      21. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау өлшемшарттары мыналар:

      1) өтініш берушіні заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу;

      2) өтініш берушінің кемінде үш жыл меншігінде немесе жалға алу құқығындағы ең төменгі сақтау көлемі мың тонна және одан да көп бір мұнай өнімдері базасының (қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу карточкасын ұсына отырып) болуы;

      3) салық берешегінің болмауы;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік кәсіпорындарымен жасалған шарттардың болуы немесе меншік құқығында көліктің болуы.

      22. Осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген өңірлік операторларды айқындау өлшемшарттарына мүдделі тұлғаның сәйкес келмеуі мүдделі тұлғаның өтінімін қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Жергілікті атқарушы органның шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша шағым және наразылық жасалуы мүмкін.

Об утверждении Правил и критериев определения региональных операторов распределения нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 500. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2020 года № 875.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 22.12.2020 № 875 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 12-6) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года "О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и критерии определения региональных операторов распределения нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 августа 2016 года № 500

Правила и критерии определения региональных операторов
распределения нефтепродуктов, на которые установлено
государственное регулирование цен
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и критерии определения региональных операторов распределения нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен, (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12-6) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года "О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов" и устанавливают порядок и критерии определения региональных операторов распределения нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен.

Глава 2. Правила определения региональных операторов
распределения нефтепродуктов, на которые установлено
государственное регулирование цен

      2. Для определения региональных операторов распределения нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен, при местных исполнительных органах областей, города республиканского значения и столицы (далее – местный исполнительный орган) создаются комиссии (далее – Комиссия).

      3. Комиссия состоит из председателя, заместителя председателя, членов Комиссии и секретаря. Секретарь Комиссии не является ее членом.

      4. Комиссию возглавляет должностное лицо не ниже заместителя акима области, города республиканского значения, столицы.

      5. Состав Комиссии утверждается акимом области, города республиканского значения, столицы.

      6. В состав Комиссии включаются представители общественных организаций, общественных советов местного уровня и региональной палаты предпринимателей в количестве не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.

      7. Члены Комиссии принимают участие в ее деятельности без права замены.

      8. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях Комиссии, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений.

      Во время отсутствия председателя Комиссии его функции выполняет заместитель.

      9. Заседания Комиссии созываются ее председателем по мере необходимости.

      10. Заседания Комиссии считаются правомочными, если на них присутствуют более половины от общего числа членов Комиссии.

      11. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием большинством голосов от общего числа членов Комиссии, присутствующих на ее заседании.

      Члены Комиссии обладают равными голосами при принятии решения. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель Комиссии.

      12. Информация о приеме заявок на определение региональных операторов распределения нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен, с указанием необходимых документов, сроков подачи, а также даты заседания Комиссии размещается на интернет - ресурсе местного исполнительного органа за двадцать календарных дней до даты заседания Комиссии.

      13. Заявки от заинтересованных лиц представляются в местный исполнительный орган за пять календарных дней до даты заседания Комиссии.

      14. Заявитель представляет следующие документы:

      1) заявку на участие в произвольной форме;

      2) копию свидетельства* или справку о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица либо копию свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя;

      (* примечание: свидетельство о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является действительным до прекращения деятельности юридического лица);

      3) копию устава и/или учредительных документов;

      4) выписку из реестра оптовых поставщиков нефтепродуктов о начале деятельности, выданную уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов;

      5) документы, подтверждающие право собственности и (или) право аренды заявителя на автозаправочные станции и нефтебазы;

      6) копии заключенных договоров с транспортными предприятиями либо подтверждающие документы о наличии транспорта;

      7) копии регистрационных карточек учета объектов налогообложения по отдельным видам деятельности на каждую автозаправочную станцию и базу нефтепродуктов.

      15. В случае представления неполного пакета документов, указанных в пункте 14 настоящих Правил, заявка местным исполнительным органом не принимается.

      16. Комиссия рассматривает документы, указанные в пункте 14 настоящих Правил, с учетом критериев, предусмотренных в пункте 21 настоящих Правил, в срок не более десяти рабочих дней.

      17. Решения Комиссии оформляются в виде протокола и подписываются председателем, заместителем, секретарем, присутствующими членами Комиссии.

      18. Протокол Комиссии направляется в местный исполнительный орган в течение одного рабочего дня со дня проведения заседания Комиссии.

      19. Местный исполнительный орган в течение десяти рабочих дней издает соответствующее постановление об определении региональных операторов распределения нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен.

      20. Протокол Комиссии и постановление местного исполнительного органа размещаются на интернет-ресурсе местного исполнительного органа в течение двух рабочих дней со дня их принятия.

Глава 3. Критерии определения региональных операторов
распределения нефтепродуктов, на которые установлено
государственное регулирование цен

      21. Критериями определения региональных операторов распределения нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен, являются:

      1) регистрация заявителя в качестве юридического лица или индивидуального предпринимателя;

      2) наличие у заявителя сроком не менее трех лет в аренде или на праве собственности одной базы нефтепродуктов с объемом хранения от тысячи тонн и более (с представлением регистрационной карточки по отдельным видам деятельности);

      3) отсутствие налоговой задолженности;

      4) наличие заключенных договоров с транспортными предприятиями либо транспорта на праве собственности, обеспечивающими перевозку грузов на территории Республики Казахстан.

      22. Основанием отказа в удовлетворении заявки от заинтересованного лица является несоответствие заинтересованного лица критериям определения региональных операторов, установленных пунктом 21 настоящих Правил.

      Решения местного исполнительного органа могут быть обжалованы и опротестованы в порядке и по основаниям, предусмотренным законодательством Республики Казахстан.