"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 525 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік органдарға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерiне;
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттiк кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 145 "Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 525

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 145 «Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 7, ст. 73) следующие изменения:
      абзацы второй и третий подпункта 3) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «с нормативами положенности служебных автомобилей акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью (государственных предприятий), аналогичными нормативу положенности служебных автомобилей для транспортного обслуживания государственных органов, определяемому уполномоченным органом по бюджетному планированию;
      с нормами площадей для размещения административных аппаратов акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью (государственных предприятий) в размерах, не превышающих нормы площадей для размещения аппарата государственных органов, определенные уполномоченным органом по бюджетному планированию;».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр
Республики Казахстан

К. Масимов