Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру
грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;».
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев