"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 - 2016 жылдары іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 539 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 519 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2017 № 519 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін әзірлеу туралы" Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 88 шешіміне сәйкес 2016 жылғы 29 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Ұлттық экономика министрліктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша бір ай мерзімде бірлескен акт қабылдау арқылы "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2016 жылы өткізу тәртібін айқындасын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


О мерах по реализации в 2015 - 2016 годах пилотного проекта по введению маркировки товаров контрольными (идентификационными) знаками по товарной позиции "Предметы одежды, принадлежности к одежде и прочие изделия из натурального меха"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 2016 года № 539. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 519

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.08.2017 № 519.

      В соответствии с Решением Высшего Евразийского экономического совета на уровне глав государств от 10 октября 2014 года № 88 "О разработке системы маркировки отдельных видов продукции легкой промышленности на территориях государств-членов Таможенного союза и Единого экономического пространства", в целях обеспечения исполнения Соглашения о реализации в 2015 – 2016 годах пилотного проекта по введению маркировки товаров контрольными (идентификационными) знаками по товарной позиции "Предметы одежды, принадлежности к одежде и прочие изделия из натурального меха", ратифицированного Законом Республики Казахстан от 29 февраля 2016 года, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Министерствам финансов, по инвестициям и развитию, информации и коммуникаций, национальной экономики Республики Казахстан по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан и Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" определить порядок реализации в 2016 году пилотного проекта по введению маркировки товаров контрольными (идентификационными) знаками по товарной позиции "Предметы одежды, принадлежности к одежде и прочие изделия из натурального меха" путем принятия в месячный срок совместного акта.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.


Премьер-Министр


Республики Казахстан

Б. Сагинтаев