"Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 519 қаулысы.

      "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін әзірлеу туралы" Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 88 шешіміне сәйкес 2016 жылғы 29 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің және 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2016 жылғы 23 қарашада Мәскеуде жасалған 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Ұлттық экономика министрліктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды, оны 2017 – 2018 жылдары іске асыру тәртібін айқындау жөнінде шаралар қабылдау жолымен қамтамасыз етсін.

      2. "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 539 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 307-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады