Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж.,№ 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19, 100, 106-құжаттар; № 20, 113, 117-құжаттар; № 21, 121, 124, 130, 132-құжаттар; № 22, 140, 143, 144-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат):
1) 55-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мектепке дейінгі ұйымдарды және тәулік бойы болмайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;";
2) 56-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мектепке дейінгі ұйымдарды және тәулік бойы болмайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;".
2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I,19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67-бап; № 8-II, 70-құжат):
7-баптың 1-тармағы 125) тармақшадағы "қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады." деген сөздер "қалыптастыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 126) тармақшамен толықтырылсын:
"126) тәулік бойы болмайтын орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.".
3. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат ; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I,19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 49-3) тармақшамен толықтырылсын:
"49-3) тәулік бойы болмайтын орта білім беру ұйымдары – тұратын орын бермей, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымы;";
2) 43-баптың 3-тармағында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдармен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) тәулік бойы болмайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды, білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін медициналық қызмет көрсетумен, денсаулығын сақтау және нығайтумен қамтамасыз ету;";
3) 48-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Тәулік бойы болмайтын орта білім беру ұйымының білім алушыларына медициналық қызмет көрсетуді, олардың денсаулығын сақтау және нығайтуды алғашқы көмек ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үй-жайларын білім беру ұйымдары ұсынатын медициналық пункттерде қамтамасыз етеді.".
4. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
1) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 5 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 6 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 7 пайызы мөлшерінде белгіленеді.";
2) 27-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;";
3) 28-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2017 жылғы 1 шілдеден бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы;";
4) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 5,6 және 7-баптарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.".
5. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-1, 143-құжат):
3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Осы Заң:
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 1) тармақшасының үшінші, жетінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 8), 10), 22) тармақшаларын, 10, 12, 14 және 18-тармақтарын;
2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2-тармақтарын, 3-тармағының 5), 6) тармақшаларын, 4-тармағын, 5-тармағының 3) тармақшасының екінші абзацын, 5), 7), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының он төртінші абзацын, 24) тармақшасын, 6, 8, 9, 13 және 16-тармақтарын, 17-тармағының 2) тармақшасын;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларын, 5-тармағының 3) тармақшасының бесінші абзацын, 6), 11) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 23) тармақшасының екінші абзацын, 7, 15-тармақтарын, 17-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".
2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |