"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 1 қазандағы № 564 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
       көрсетілген қаулымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы (бұдан әрі – "Болашақ" стипендиясы) – Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе санаттарын Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;";
       2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) ғылыми-педагог қызметкерлер – ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін, жоғары білімі бар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне қол жеткізетін және оны іске асыратын не білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын жеке тұлғалар;
      5-2) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер – кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын, кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке тұлғалар;
      5-3) бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері – бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжымның қызметкерлері болып табылатын жеке тұлғалар;";
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) академиялық оқуға өз бетінше түскен немесе Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқитын магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлер (бұдан әрі – өз бетінше түскендер санаты);";
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Магистр дәрежесін алу үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі.
      Магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа қатысуға өз бетінше түскендер, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер жіберіледі.
      Магистр дәрежесін алу үшін үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары мыналар:
      1) өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін:
      Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар, – оқуының барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында белгіленген бағалау жүйесіне сәйкес кемінде "жақсы" бағасына сәйкес келуі;
      академиялық оқуға түскендер – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе Жұмыс органы бекіткен "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі – бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес келуі;
      2) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі және Жұмыс органы бекіткен "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесіне (бұдан әрі – мәндес мамандықтар тізбесі) сәйкес шетелде оқу үшін таңдалған мамандығының осы диплом бойынша мамандығына сәйкес келуі;
      3) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе бағалар баламалығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес келуі болып табылады.
      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:
      1) жұмыс берушінің конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысатын үміткерлер үшін Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін;
      2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      4) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес еңбек қызметі кезеңдері үшін талап етілетін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      5) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хатты;
      6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
      7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;
      8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты;
      11) өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы және оқу кезеңі көрсетілген академиялық оқуға сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін (қаржылық шарттарды қоспағанда) және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;
      12) мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаты бойынша қатысатын адамдар оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап етілетін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "10-1. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі.
      Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін конкурсқа қатысуға өз бетімен түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер арасынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін адамдар жiберіледi.
      10-2. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу, резидентурада оқу үшін үміткерлердің конкурсқа қатысу шарттары мыналар:
      Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында академиялық бағдарламаларда оқитындар – оқуының барлық кезеңіндегі үлгерімінің орташа балының Тізімге қосылған шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында белгіленген бағалау жүйесіне сәйкес кемінде "жақсы" бағасына сәйкес келуі;
      академиялық оқуға түскендер – бакалавр немесе маман дипломының орташа балының кемінде 3.0 (4.0/4.33-тен) GPA балына немесе Жұмыс органы бекіткен "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесіне (бұдан әрі – бағалар баламалығы кестесі) сәйкес оның баламасына сәйкес келуі болып табылады.
      10-3. Осы Қағидалардың 10-1-тармағында көрсетілген үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:
      1) жұмыс берушінің конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін;
      2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      3) қосымшасымен бірге бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      4) мемлекеттік қызметшілер, ғылыми не педагог қызметкерлер қатарынан философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын үміткерлер үшін еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      5) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және оқу елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хатты;
      6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
      7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;
      8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты;
      11) оқу бағдарламасы, мамандығы мен кезеңі көрсетілген академиялық оқуға (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) сөзсіз қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін және ол болған жағдайда, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармалары бар шетелдік жоғары оқу орны берген үлгерімі туралы ресми құжатты/мамандығын, курсын (оқу жылын), оқу нысанын, осы оқу орнында пайдаланылатын бағалау жүйесі туралы ақпаратты, сондай-ақ осы оқу орнындағы ағымдағы үлгерімінің орташа балын көрсететін белгіленген үлгідегі анықтаманы;
      12) философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алу үшін Тізімге енгізілген шетелдік жетекші жоғары оқу орны белгілеген мерзімдерден аспайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орнымен келісілген мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жеке оқу жоспарын ұсынады.
      10-4. Тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын қабылдау тәртібі.
      Тағылымдамадан өтуге үміткерлер санаты бойынша қатысатын адамдар конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде Әкімшіге мынадай құжаттарды:
      1) Жұмыс органы бекіткен нысан бойынша жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімін (бұдан әрі – өтінім);
      2) жеке куәліктің және паспорттың түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      3) бакалавр немесе маман дипломының түпнұсқасы мен көшірмесін, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымында оқыған болса – білімі туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің түпнұсқасын және көшірмесін не Заңның 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, білімі туралы құжатты тану туралы өзге де құжатты (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      4) осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңдері үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары мен көшірмелерін (түпнұсқалар салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      5) таңдап алған мамандығының/зерттеу тақырыбының және тағылымдамадан өту елінің негіздемесі көрсетілген жеке көзқарастар мен пікірлер суреттелген еркін нысандағы уәждемелік хатты;
      6) шетелге шығатын адамдар үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы;
      7) Жұмыс органы бекітетін нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;
      8) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      9) бар болған жағдайда, Жұмыс органы бекіткен белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасын және көшірмесін (түпнұсқа салыстырғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
      10) егер үміткер жеке өзі құжаттарын тапсыра алмаған жағдайда, өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхатты;
      11) тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар тағылымдамадан өту мерзімдері, құны (таратып көрсетілген) көрсетілген сөзсіз (қаржылық шарттарды және шет тілінен білімін талап ететін деңгейге дейін арттыру бойынша шарттарды қоспағанда) шақыруын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      12) Жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес құрылған, және тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйымдар бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасын ұсынады.";
      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) дипломның (бакалавр немесе маман) орташа балының немесе ағымдағы оқу үлгерімі туралы анықтаманың осы Қағидалардың 9, 10-2-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеуі;";
      27-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуын аяқтағаннан не тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және "Болашақ" стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан күнінен бастап үздіксіз бес жыл (осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін – үш жыл) жұмыс істеуі туралы шарт:
      өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының ұйымдарында не акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарда;
      мемлекеттік қызметшілер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген мемлекеттік қызметшілер үшін – өтінімге сәйкес мемлекеттік қызметте не шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында, не Республикалық комиссияның шешімі бойынша, бос жұмыс орындары болған жағдайда – Қазақстан Республикасының ұйымдарында, сондай-ақ акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Қазақстан Республикасына не ұлттық компанияларға тиесілі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген мемлекеттік органда;
      ғылыми-педагог қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар, сондай-ақ өз бетімен түскендер санаты бойынша конкурсқа қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім берген ғылыми не педагог қызметкерлер үшін – Қазақстан Республикасының тиісті деңгейдегі басқа ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өтінімге сәйкес өздерін жіберген ұйымдарда;
      инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін – өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының өндірістік қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымдарда одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
      тағылымдамаға үміткерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін – өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының жіберуші ұйымның негізгі қызметімен ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
      мәдениет қызметкерлері, шығармашыл қызметкерлер санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін – өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының басқа мәдениет ұйымдарында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;
      бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаты бойынша конкурсқа қатысатын адамдар үшін – өтінімге сәйкес Қазақстан Республикасының басқа бұқаралық ақпарат құралдары редакциясында одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігімен өздерін жіберген ұйымдарда;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген үміткерлер үшін, сондай-ақ конкурсқа өз бетінше түскендер санаты бойынша қатысатын және осы Қағидалардың 10-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім ұсынған үміткерлер үшін жұмыс берушінің жұмыс орнын (лауазымын) сақтауының міндеттілігі бойынша шарт;".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              Б.Сағынтаев

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573 "Об утверждении Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии "Болашак" и определении направлений расходования международной стипендии "Болашак"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2016 года № 564

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573 "Об утверждении Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии "Болашак" и определении направлений расходования международной стипендии "Болашак" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 30, ст. 297) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах отбора претендентов для присуждения международной стипендии "Болашак", утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "1) международная стипендия "Болашак" (далее – стипендия "Болашак") – стипендия, учреждаемая Президентом Республики Казахстан для обучения граждан Республики Казахстан в ведущих зарубежных высших учебных заведениях по очной форме обучения или прохождения стажировки в зарубежных организациях работниками, категории которых определяются Республиканской комиссией по подготовке кадров за рубежом;";
      пункт 2 дополнить подпунктами 5-1), 5-2), 5-3) следующего содержания:
      "5-1) научно-педагогические работники – физические лица, работающие в научной организации, высшем учебном заведении или научном подразделении организации, имеющие высшее образование, получающие и реализующие результат научной и (или) научно-технической деятельности, либо занимающиеся образовательной деятельностью, связанной с обучением и воспитанием обучающихся и воспитанников в организациях образования, а также других организациях, реализующих образовательные программы;
      5-2) работники культуры, творческие работники – физические лица, профессиональная деятельность которых связана с сохранением, развитием, распространением, использованием культурных ценностей и приобщением к ним граждан, чья профессиональная или любительская творческая деятельность направлена на создание художественных ценностей, воспроизведение или интерпретацию (перевод) произведения литературы и искусства;
      5-3) работники редакции средств массовой информации – физические лица, являющиеся работниками творческого коллектива, являющегося структурным подразделением юридического лица, осуществляющие сбор, подготовку материалов и выпуск средства массовой информации;";
      подпункт 1) пункта 4 изложить в следующей редакции:
      "1) претендентов, самостоятельно поступивших на академическое обучение или обучающихся в ведущих зарубежных высших учебных заведениях, включенных в Список, на получение степени магистра, доктора философии (PhD), доктора по профилю, обучения в резидентуре (далее — категория самостоятельно поступивших);";
      пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:
      "9. Порядок приема документов претендентов на присуждение международной стипендии "Болашак" для получения степени магистра.
      К участию в конкурсе для получения степени магистра допускаются претенденты, участвующие по категориям самостоятельно поступивших, государственных служащих, научно-педагогических работников, инженерно-технических работников, работников культуры, творческих работников, работников редакции средств массовой информации.
      Условиями участия в конкурсе претендентов для получения степени магистра являются:
      1) для претендентов, участвующих по категории самостоятельно поступивших:
      обучающихся на академических программах в ведущих зарубежных высших учебных заведениях, включенных в Список, – соответствие среднего балла успеваемости за весь период обучения оценке не менее чем "хорошо" согласно системе оценок, установленной в ведущем зарубежном высшем учебном заведении, включенном в Список;
      поступивших на академическое обучение – соответствие среднего балла диплома бакалавра или специалиста баллу не менее 3.0 (из 4.0/4.33) GPA или его эквиваленту в соответствии с таблицей эквивалентности оценок для присуждения международной стипендии "Болашак", утверждаемой Рабочим органом (далее – таблица эквивалентности оценок);
      2) для претендентов, участвующих по категориям государственных служащих, научно-педагогических работников, инженерно-технических работников, работников редакции средств массовой информации – соответствие среднего балла диплома бакалавра или специалиста баллу не менее 3.0 (из 4.0/4.33) GPA или его эквиваленту согласно таблице эквивалентности оценок и соответствие специальности по данному диплому специальности, выбранной для обучения за рубежом, в соответствии с перечнем родственных специальностей для обучения за рубежом в рамках международной стипендии "Болашак", утверждаемым Рабочим органом (далее – перечень родственных специальностей);
      3) для претендентов, участвующих по категории работников культуры, творческих работников – соответствие среднего балла диплома бакалавра или специалиста баллу не менее 3.0 (из 4.0/4.33) GPA или его эквиваленту согласно таблице эквивалентности оценок.
      10. Для участия в конкурсе претенденты, указанные в пункте 9 настоящих Правил, в течение установленного срока приема документов представляют Администратору следующие документы:
      1) заявку работодателя на подготовку специалиста с условием сохранения места работы по форме, утверждаемой Рабочим органом, для претендентов, участвующих в конкурсе по категориям государственных служащих, научно-педагогических работников, инженерно-технических работников, работников культуры, творческих работников, работников редакции средств массовой информации;
      2) оригиналы и копии удостоверения личности и паспорта (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
      3) оригинал и копия диплома бакалавра или специалиста с приложением, а также, в случае обучения в зарубежной организации образования, – оригинал и копию удостоверения о признании и/или нострификации документа об образовании либо иного документа о признании документа об образовании с учетом особенностей, установленных пунктом 8 статьи 39 Закона (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
      4) оригиналы и копии документов, подтверждающих трудовую деятельность, а также выписки о перечисленных обязательных пенсионных взносах за требуемый согласно настоящим Правилам период трудовой деятельности, за исключением лиц, указанных в подпункте 1) пункта 4 настоящих Правил (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
      5) мотивационное письмо в свободной форме с описанием личных взглядов и суждений, указанием обоснований выбранной специальности/темы исследования и страны обучения;
      6) медицинскую справку о состоянии здоровья по форме, установленной уполномоченным органом в области здравоохранения, для лиц, выезжающих за рубеж;
      7) заполненную анкету по форме, утверждаемой Рабочим органом;
      8) оригинал и копию действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по иностранному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям, утвержденным Рабочим органом, в случае его наличия (оригинал после сверки возвращается претенденту);
      9) оригинал и копию действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по государственному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям, утвержденным Рабочим органом, в случае его наличия (оригинал после сверки возвращается претенденту);
      10) нотариально заверенную доверенность на представителя в случае, если претендент не может лично подать документы;
      11) лица, участвующие по категории самостоятельно поступивших, дополнительно представляют копии документов, подтверждающих безусловное зачисление на академическое обучение (за исключением финансовых условий), с указанием программы, специальности и периода обучения и, в случае наличия, официальный документ об успеваемости, выданный зарубежным высшим учебным заведением/справку установленного образца, указывающую специальность, курс (год обучения), форму обучения, информацию о системе оценок, используемых в данном учебном заведении, а также средний балл текущей успеваемости в данном учебном заведении, с нотариально заверенными переводами на государственный или русский языки;
      12) лица, участвующие по категории работников культуры, творческие работники дополнительно представляют копии документов, подтверждающих безусловное зачисление на академическое обучение (за исключением финансовых условий и условий по повышению уровня знания иностранного языка до требуемого) с указанием программы, специальности и периода обучения и, в случае наличия, официальный документ об успеваемости, выданный зарубежным высшим учебным заведением/справку установленного образца, указывающую специальность, курс (год обучения), форму обучения, информацию о системе оценок, используемых в данном учебном заведении, а также средний балл текущей успеваемости в данном учебном заведении, с нотариально заверенными переводами на государственный или русский языки.";
      дополнить пунктами 10-1, 10-2, 10-3, 10-4 следующего содержания:
      "10-1. Порядок приема документов претендентов на присуждение международной стипендии "Болашак" для получения степени доктора философии (PhD), доктора по профилю, обучения в резидентуре.
      К участию в конкурсе для получения степени доктора философии (PhD), доктора по профилю, обучения в резидентуре допускаются претенденты, участвующие по категории самостоятельно поступивших, в том числе лица для получения степеней доктора философии (PhD), доктора по профилю из числа государственных служащих, научных либо педагогических работников.
      10-2. Условиями участия в конкурсе претендентов для получения степени доктора философии (PhD), доктора по профилю, обучения в резидентуре являются:
      обучающихся на академических программах в ведущих зарубежных высших учебных заведениях, включенных в Список, – соответствие среднего балла успеваемости за весь период обучения оценке не менее чем "хорошо" согласно системе оценок, установленной в ведущем зарубежном высшем учебном заведении, включенном в Список;
      поступивших на академическое обучение – соответствие среднего балла диплома бакалавра или специалиста баллу не менее 3.0 (из 4.0/4.33) GPA или его эквиваленту в соответствии с таблицей эквивалентности оценок для присуждения международной стипендии "Болашак", утверждаемой Рабочим органом (далее – таблица эквивалентности оценок).
      10-3. Для участия в конкурсе претенденты, указанные в пункте 10-1 настоящих Правил, в течение установленного срока приема документов представляют Администратору следующие документы:
      1) заявку работодателя на подготовку специалиста с условием сохранения места работы по форме, утверждаемой Рабочим органом, для претендентов, участвующих в конкурсе по категории самостоятельно поступивших для получения степеней доктора философии (PhD), доктора по профилю из числа государственных служащих, научных либо педагогических работников;
      2) оригиналы и копии удостоверения личности и паспорта (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
      3) оригинал и копия диплома бакалавра или специалиста с приложением, а также, в случае обучения в зарубежной организации образования, – оригинал и копию удостоверения о признании и/или нострификации документа об образовании либо иного документа о признании документа об образовании с учетом особенностей, установленных пунктом 8 статьи 39 Закона (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
      4) оригиналы и копии документов, подтверждающих трудовую деятельность, а также выписки о перечисленных обязательных пенсионных взносах для претендентов, участвующих в конкурсе по категории самостоятельно поступивших, для получения степеней доктора философии (PhD), доктора по профилю из числа государственных служащих, научных либо педагогических работников (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
      5) мотивационное письмо в свободной форме с описанием личных взглядов и суждений, указанием обоснований выбранной специальности/темы исследования и страны обучения;
      6) медицинскую справку о состоянии здоровья по форме, установленной уполномоченным органом в области здравоохранения, для лиц, выезжающих за рубеж;
      7) заполненную анкету по форме, утверждаемой Рабочим органом;
      8) оригинал и копию действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по иностранному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям, утвержденным Рабочим органом, в случае его наличия (оригинал после сверки возвращается претенденту);
      9) оригинал и копию действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по государственному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям, утвержденным Рабочим органом, в случае его наличия (оригинал после сверки возвращается претенденту);
      10) нотариально заверенную доверенность на представителя в случае, если претендент не может лично подать документы;
      11) копии документов, подтверждающих безусловное зачисление на академическое обучение (за исключением финансовых условий и условий по повышению уровня знания иностранного языка до требуемого), с указанием программы, специальности и периода обучения и, в случае наличия, официальный документ об успеваемости, выданный зарубежным высшим учебным заведением/справку установленного образца, указывающую специальность, курс (год обучения), форму обучения, информацию о системе оценок, используемых в данном учебном заведении, а также средний балл текущей успеваемости в данном учебном заведении, с нотариально заверенными переводами на государственный или русский языки;
      12) индивидуальный учебный план, согласованный с ведущим зарубежным высшим учебным заведением, не превышающий сроки, установленные ведущим зарубежным высшим учебным заведением, включенным в Список, для получения степени доктора философии (PhD), доктора по профилю, с нотариально заверенными переводами на государственный или русский языки.
      10-4. Порядок приема документов претендентов на присуждение международной стипендии "Болашак" для прохождения стажировки.
      Для участия в конкурсе лица, участвующие по категории претендентов на прохождение стажировки, в течение установленного срока приема документов представляют Администратору следующие документы:
      1) заявку работодателя на подготовку специалиста (далее – заявка) с условием сохранения места работы по форме, утверждаемой Рабочим органом;
      2) оригиналы и копии удостоверения личности и паспорта (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
      3) оригинал и копия диплома бакалавра или специалиста, а также в случае обучения в зарубежной организации образования, – оригинал и копия удостоверения о признании и/или нострификации документа об образовании либо иного документа о признании документа об образовании с учетом особенностей, установленных пунктом 8 статьи 39 Закона (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
      4) оригиналы и копии документов, подтверждающих трудовую деятельность, а также выписки о перечисленных обязательных пенсионных взносах за требуемый согласно настоящим Правилам период трудовой деятельности (оригиналы после сверки возвращаются претенденту);
      5) мотивационное письмо в свободной форме с описанием личных взглядов и суждений, указанием обоснований выбранной специальности/темы исследования и страны прохождения стажировки;
      6) медицинскую справку о состоянии здоровья по форме, установленной уполномоченным органом в области здравоохранения, для лиц, выезжающих за рубеж;
      7) заполненную анкету по форме, утверждаемой Рабочим органом;
      8) оригинал и копию действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по иностранному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям, утвержденным Рабочим органом, в случае его наличия (оригинал после сверки возвращается претенденту);
      9) оригинал и копию действительного официального сертификата установленной формы о сдаче экзамена по государственному языку с результатом, соответствующим установленным минимальным требованиям, утвержденным Рабочим органом, в случае его наличия (оригинал после сверки возвращается претенденту);
      10) нотариально заверенную доверенность на представителя в случае, если претендент не может лично подать документы;
      11) копии документов, подтверждающих безусловное приглашение (за исключением финансовых условий и условий повышения уровня знания иностранного языка до требуемого) принимающей на стажировку зарубежной организации с указанием сроков, стоимости (с расшифровкой расчетов) прохождения стажировки с нотариально заверенными переводами на государственный или русский языки;
      12) программу прохождения стажировки, составленную в соответствии с требованиями, устанавливаемыми Рабочим органом, и утвержденную направляющей и принимающей на стажировку организациями.";
      подпункт 3) пункта 13 изложить в следующей редакции:
      "3) несоответствие среднего балла диплома (бакалавра или специалиста) либо справки о текущей успеваемости условиям, указанным в пунктах 9, 10-2 настоящих Правил;";
      в пункте 27:
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      "5) условие об обязательном возвращении победителя конкурса в Республику Казахстан после завершения академического обучения или прохождения стажировки за рубежом и непрерывной пятилетней (для лиц, указанных в подпункте 5) пункта 4 настоящих Правил, – трехлетней) трудовой деятельности по специальности, полученной в рамках стипендии "Болашак", со дня трудоустройства:
      для лиц, участвующих в конкурсе по категории самостоятельно поступивших, – в организациях Республики Казахстан либо организациях, находящихся за пределами Республики Казахстан, акции (доли участия в уставном капитале) которых принадлежат Республике Казахстан либо национальным компаниям;
      для лиц, участвующих в конкурсе по категории государственных служащих, а также государственных служащих, участвующих в конкурсе по категории самостоятельно поступивших и представивших заявку в соответствии с подпунктом 1) пункта 10-3 настоящих Правил, – в государственном органе, которым они были направлены согласно заявке с возможностью дальнейшей отработки на государственной службе либо в органах дипломатической службы Республики Казахстан за рубежом, либо по решению Республиканской комиссии, при наличии вакансий – в организациях Республики Казахстан, а также организациях, находящихся за пределами Республики Казахстан, акции (доли участия в уставном капитале) которых принадлежат Республике Казахстан либо национальным компаниям;
      для лиц, участвующих в конкурсе по категории научно-педагогических работников, а также научных либо педагогических работников, участвующих в конкурсе по категории самостоятельно поступивших и представивших заявку в соответствии с подпунктом 1) пункта 10-3 настоящих Правил, – в организациях, которыми они были направлены согласно заявке с возможностью дальнейшей отработки в других научных организациях и организациях образования Республики Казахстан соответствующего уровня;
      для лиц, участвующих в конкурсе по категории инженерно-технических работников, – в организациях, которыми они были направлены согласно заявке с возможностью дальнейшей отработки в других организациях Республики Казахстан, осуществляющих производственную деятельность;
      для лиц, участвующих в конкурсе по категории претендентов на стажировки, – в организациях, которыми они были направлены согласно заявке с возможностью дальнейшей отработки в других организациях Республики Казахстан, осуществляющих деятельность, сходную с основной деятельностью направляющей организации;
      для лиц, участвующих в конкурсе по категории работников культуры, творческие работники, – в организациях, которыми они были направлены согласно заявке с возможностью дальнейшей отработки в других организациях культуры Республики Казахстан;
      для лиц, участвующих в конкурсе по категории работников редакции средств массовой информации, – в организациях, которыми они были направлены согласно заявке с возможностью дальнейшей отработки в других редакциях средств массовой информации Республики Казахстан;";
      подпункт 8) изложить в следующей редакции:
      "8) условие по обязательности сохранения места работы (должности) работодателем для претендентов, указанных в подпунктах 2)3)4), 5)6)7) пункта 4 настоящих Правил, а также участвующих в конкурсе по категории самостоятельно поступивших и представивших заявку в соответствии с подпунктом 1) пункта 10-3 настоящих Правил;".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
 

      Премьер-Министр
Республики Казахстан

Б. Сагинтаев