"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 602 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
      2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;
      3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
      3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 602 қаулысымен  
бекітілген      

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына
бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары

      1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына
(бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) Кредит «Қазақстанның Даму Банкі – Лизинг» акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит берумен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына кредит беру» 219 бюджеттік бағдарламасы бойынша «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген 12861805000 (он екі миллиард сегіз жүз алпыс бір миллион сегіз жүз бес мың) теңге сомада беріледі;
      2) кредит қарыз алушыға жеделдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге, жылдық 0,05 %-ға пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
      3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына біржолғы кредиттің барлық сомасын аудару жолымен жүзеге асырылады;
      4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күнінен бастап 2 (екі) жылды құрайды;
      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күнінен бастап 1 (бір) жыл өткен соң жүргізіледі);
      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 2022 жылдан бастап тең үлестермен жеңілдік кезеңінің мерзімі өткеннен кейін жүзеге асырады, ол 6 (алты) жылды құрайды;
      7) кредит берудің мақсаты қарыз алушының жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,1% сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі – Лизинг» акционерлік қоғамына кейіннен кредит берумен, жылдық 0,08 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кредит беруі болып табылады.
      2. Кредиттерді беру, өтеу және оған қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Об утверждении основных условий бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 602

      В соответствии с пунктом 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года «О республиканском бюджете на 2016–2018 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые основные условия бюджетного кредитования акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «Байтерек».
      2. Министерствам финансов, по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитного договора с акционерным обществом «Национальный управляющий холдинг «Байтерек»;
      2) контроль за выполнением основных и дополнительных условий кредитования;
      3) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, своевременного погашения и обслуживания бюджетного кредита.
      3. Акционерному обществу «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении кредита в министерства финансов, по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       Б. Сагинтаев

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 октября 2016 года № 602

Основные условия бюджетного кредитования акционерного общества
«Национальный управляющий холдинг «Байтерек»

      1. Для предоставления кредита акционерному обществу «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» (далее – заемщик) устанавливаются следующие основные условия:
      1) кредит предоставляется в сумме 12861805000 (двенадцать миллиардов восемьсот шестьдесят один миллион восемьсот пять тысяч) тенге, предусмотренной Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года «О республиканском бюджете на 2016-2018 годы» по бюджетной программе 219 "Кредитование акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» с последующим кредитованием акционерного общества «Банк Развития Казахстана» для финансирования обновления парка пассажирских вагонов через акционерное общество «Банк Развития Казахстана - Лизинг»;
      2) кредит предоставляется заемщику в тенге на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 20 (двадцать) лет по ставке вознаграждения, равной 0,05 % годовых;
      3) выделение из республиканского бюджета кредита осуществляется путем единовременного перечисления всей суммы кредита на счет заемщика;
      4) период освоения составляет 2 (два) года со дня перечисления кредита на счет заемщика;
      5) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется 1 (один) раз в год (первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 1 (один) года со дня перечисления средств кредита на счет заемщика);
      6) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком равными долями с 2022 года по истечении льготного периода, который составляет 6 (шесть) лет;
      7) целью предоставления кредита является предоставление заемщиком кредита акционерному обществу «Банк Развития Казахстана» со ставкой вознаграждения 0,08 % годовых, с последующим кредитованием акционерного общества «Банк Развития Казахстана - Лизинг» со ставкой вознаграждения 0,1 % годовых со сроком на 20 (двадцать) лет для финансирования обновления парка пассажирских вагонов.
      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредитов устанавливаются в кредитном договоре в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года.