2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;
3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 602 қаулысымен
бекітілген
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына
бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары
1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына
(бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) Кредит «Қазақстанның Даму Банкі – Лизинг» акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит берумен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына кредит беру» 219 бюджеттік бағдарламасы бойынша «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген 12861805000 (он екі миллиард сегіз жүз алпыс бір миллион сегіз жүз бес мың) теңге сомада беріледі;
2) кредит қарыз алушыға жеделдік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге, жылдық 0,05 %-ға пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына біржолғы кредиттің барлық сомасын аудару жолымен жүзеге асырылады;
4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күнінен бастап 2 (екі) жылды құрайды;
5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күнінен бастап 1 (бір) жыл өткен соң жүргізіледі);
6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 2022 жылдан бастап тең үлестермен жеңілдік кезеңінің мерзімі өткеннен кейін жүзеге асырады, ол 6 (алты) жылды құрайды;
7) кредит берудің мақсаты қарыз алушының жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,1% сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі – Лизинг» акционерлік қоғамына кейіннен кредит берумен, жылдық 0,08 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кредит беруі болып табылады.
2. Кредиттерді беру, өтеу және оған қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.