Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене
шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 жылғы 9 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2016 жылғы 21 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, дербес кластерлік қорға, дербес білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын олардың ұйымдарына жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.».
2. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 48-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 37-1), 44-1), 44-2) және 44-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«37-1) спорт түрлерін саралау – халықаралық жарыстардағы спорттық жетістіктерге, спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігіне, кадрлық әлеуеттің, материалдық-техникалық базаның болуына, бұқаралығына және спорт түрі ерекшеліктерінің өңірдің климаттық жағдайларына арақатынасына қарай спорт түрлерін жіктеу;
44-1) спорттың олимпиадалық түрі – Олимпиада хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитеті таныған тиісті қағидалары, жаттығу ортасы, пайдаланатын спорт мүкәммалы мен жабдығы бар спорт түрі;
44-2) спорттың олимпиадалық емес түрі – Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, тиісті қағидалары, жаттығу ортасы, пайдаланатын спорт мүкәммалы мен жабдығы бар әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық федерациялар басқаратын спорт түрі;
44-3) спорттың паралимпиадалық түрі – Халықаралық Паралимпиадалық комитеттің Қағидалар жинағына сәйкес Халықаралық Паралимпиадалық комитет таныған тиісті қағидалары, жаттығу ортасы, пайдаланатын спорт мүкәммалы мен жабдығы бар спорт түрі;»;
2) 2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық, техникалық, қолданбалы, олимпиадалық, паралимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту;»;
3) 6-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 7-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) аккредиттелген республикалық федерациялармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, спорт түрлері, оның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы, бұқаралық спорт түрлері бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс өткізілетін спорттық іс-шараларға даярлық және оған қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша бекітеді;»;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуымен спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және мемлекеттік жаттықтырушыларды, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің келісуімен, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Ұлттық Паралимпиада комитетінің келісуімен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) келіседі;»;
мынадай мазмұндағы 62), 63) және 64) тармақшалармен толықтырылсын:
«62) Қазақстан Республикасының басым спорт түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
63) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
64) жергілікті атқарушы органдарға спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келіседі.»;
5) 8-баптың 1-тармағында:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесе отырып, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың спорт жарыстарын өткiзедi, сондай-ақ спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге қатысады;»;
«4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты, мүгедектер арасындағы спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 20-4) және 20-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай үлес төлемдерінің мөлшерлерін әзірлейді және бекітеді;
20-5) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді;»;
6) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрі (түрлері) бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиадалық кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті және Ұлттық Паралимпиадалық комитеті таныған болуға тиіс.»;
7) 13-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) олимпидалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының бас жаттықтырушыларын және мемлекеттік жаттықтырушыларды лауазымға тағайындауды және одан босатуды келіседі.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті және оның ұйымдары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмаларды алуға құқылы.»;
8) 41-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының екінші бөлігін, 1-баптың 2-тармағы
7) тармақшасының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті