Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Маминге 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 726 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің
зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі
туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі
ХАТТАМА
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,
2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) атауындағы «Кеден одағына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспеде:
бірінші абзацтағы «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бапта:
бірінші абзац бойынша қазақ тілінде өзгеріс енгізілмейді;
екінші абзацтағы «кеден одағына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одаққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының, сондай-ақ» және «реттейді» деген сөздер тиісінше «Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдарымен (бұдан әрі – тиісінше мүше мемлекеттер, Одақ),» және «регламенттейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-баптағы «Кедендік бақылау комитеті» деген сөздер «Мемлекеттік кірістер комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 3-бапта:
1-тармақтағы «кеден одағына» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «Зияткерлік меншік саласында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына және (немесе) кеден одағының заңнамасына сәйкес кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты немесе кедендік бақылаудағы тауарлармен өзге іс-әрекеттерді жасау кезінде» деген сөздер «Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты немесе кедендік бақылаудағы тауарлармен өзге әрекеттер жасау кезінде зияткерлік меншік саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға және Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оның құқықтарын бұзу орын алды деп санауға жеткілікті негізі» деген сөздер «өзінің құқықтарының бұзылуы орын алды деп пайымдауға жеткілікті негіздері» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өтініш Еуразиялық экономикалық комиссияға жазбаша немесе электрондық түрде беріледі.»;
4-тармақтағы «Кеден одағының» деген сөздер «Одақтың» деген сөздермен, «кеден одағына мүше мемлекеттердің» деген сөздер «мүше мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 4-бапта:
1-тармақта:
төртінші абзацтағы «оларды кеден одағының кедендік аумағы арқылы өткізу немесе кедендік бақылауда тұрған тауарлар туралы осындай тауарлармен өзге іс-әрекеттер құқық иеленушінің пікірі бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалатын оның құқықтарын бұзушылыққа әкеп соқтыратын, оларды кеден органдарының анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті дәйекті» деген сөздер «Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу немесе кедендік бақылаудағы осындай тауарлармен өзге әрекеттер құқық иеленушінің пікірі бойынша мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалатын өзінің құқықтарын бұзуға әкеп соғатын тауарлар туралы, оларды кеден органдарының анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті дәрежеде толымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «оларды кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздер «Одақтың кедендік шекарасы» деген сөздермен, «кеден одағына мүше мемлекеттердің» деген сөздер «мүше мемлекеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта мәтін бойынша «кеден одағына» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «кеден одағының барлық аумағында» деген сөздер «барлық мүше мемлекеттердiң аумақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «кеден одағына» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың екінші бөлігіндегі «кеден одағына» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта:
бірінші бөліктегі «орталық кеден органдары» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «кеден одағына мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап
Өтінішті ресімдеуге қойылатын талаптар, өтінішті қарау тәртібі, орталық кеден органдарын және құқық иеленушілерді хабардар ету тәртібі, Бірыңғай тізілімнен үзінді көшірмелерді ұсыну тәртібі және мынадай мәселелер:
Бірыңғай тізілімге зияткерлік меншік объектілерін енгізу;
Бірыңғай тізілімге зияткерлік меншік объектілерін енгізуден бас тарту;
Бірыңғай тізілімге өзгерістер енгізу;
Бірыңғай тізілімге зияткерлік меншік объектілерін енгізу мерзімін ұзарту;
Бірыңғай тізілімнен зияткерлік меншік объектілерін алып тастау бойынша шешімдер қабылдау тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін Бірыңғай тізілімді жүргізу регламентінде айқындалады.»;
8) 6-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «кеден одағына мүше барлық мемлекеттерде заңды күші бар тауарларды шығаруды тоқтата тұрумен байланысты тұлғаға мүліктік зиян келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыру шартын (шарттарын)» деген сөздер «барлық мүше мемлекеттерде заңды күші бар, тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты тұлғаларға мүліктік зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шартын (шарттарын) немесе көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын өзге де шартты (шарттарды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «сомасы» деген сөзден кейін «немесе міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «өкілеттікті», «мүліктік зиян келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыру міндеттемесін және шартты (шарттарды) құқық иесінің» деген сөздер тиісінше «өкілеттіктерді», «міндеттемені және осы баптың 1-тармағында көзделген шарттарды құқық иеленушінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Мүліктік зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шартын (шарттарын) ұсынбаған» және «жазбаша нысанда мұндай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде» деген сөздер тиісінше «Осы баптың 1-тармағында көзделген шарттар ұсынылмаған» және «мұндай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтер Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Одақтың және орталық кеден органдарының ресми сайттарында жарияланады.
Көрсетілген мәліметтерді Одақтың ресми сайтында жариялау тәртібі осы Келісімнің 5-бабында көзделген регламентте айқындалады.»;
9) 7-бапта:
«Бірыңғай тізілімге» деген сөздердің алдынан «Өтінішке қоса берілетін құжаттардың қолданылу мерзімдері ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
«құқық иелерінің құқықтарын қорғау мерзімі кеден одағына мүше мемлекеттерде бұл мерзім бұрын аяқталатын зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мерзімінен аспайды» деген сөздер «құқық иеленушінің құқықтарын қорғау мерзімі бұл мерзім бұрын аяқталатын мүше мемлекеттегі зияткерлік меншік объектісін құқықтық қорғау мерзімінен аспауға тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 112-бабына сәйкес шешіледі.»;
11) қорытынды бөлiктегі «түпнұсқа данасы» және «Кеден одағы комиссиясында» деген сөздер тиісінше «төлнұсқа данасы» және «Еуразиялық экономикалық комиссияда» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Осы Хаттама депозитарий Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
20__жылғы «__» _____ ______ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Армения Беларусь Қазақстан
Республикасының Республикасының Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Ресей
Республикасының Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін