Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 540 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.08.2020 № 540 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы 5) тармақшасының екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, осы қаулыға қосымшаның 8-тармағын, 9-тармағының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 13-тармағының бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 187-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджет қаражаты есебінен зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес жергілікті органның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 736 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 19 тамыздағы
№ 824 қаулысымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын
қосылған құн салығынан босату қағидалары

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 276-15-бабына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың қолданысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын жүзеге асыратын тұлғаларға (бұдан әрі – тұлға) қолданылады.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларда көзделген тиісті құжаттарды ұсынылған кезде қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы Қағидаларда көзделген құжаттар Кодекстің 276-20-бабында белгіленген мерзімде ұсынылады.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар ұсынылады.

      4. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) тауарға ілеспе құжаттар және/немесе ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;

      2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;

      3) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын тауарларды халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға ғана мақсатты пайдалану туралы алушының міндеттемесі.

      5. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтерімен халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар үшін:

      тауарға ілеспе құжаттар және/немесе қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;

      қайырымдылық мақсатында тауарлар әкелуді белгілейтін тиісті келісімдер, шарттар;

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның коммерциялық емес ұйым ретінде тіркелгенін растайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі, сондай-ақ жарғының көшірмесі;

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      2) техникалық жәрдем ретінде әкелінетін тауарлар үшін:

      тауарларды әкелу оларды орындау үшін жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның

      (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;

      тауарлар оларды орындау үшін жеткізілетін техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) көшірмесі.

      Бұл ретте Қазақстан тарапының техникалық жәрдемдесу бағдарламасының орындалуын бақылайтын құзыретті органы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына жобаның орындалуы туралы ақпарат береді. Әкелінетін тауарлардың ұсынылған жобаларда әкелінуі көзделген тауарларға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында осы жобаларда тауарлар тізбесі бөлек көрсетілуі тиіс.

      6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ресми пайдалануы үшін әкелінетін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлардың импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) тауарға ілеспе құжаттар;

      2) әкелінетін тауарларды тек жеке қолдану үшін нысаналы пайдалану туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша алушының міндеттемесі.

      7. Мынадай:

      Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) тіркелген;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде Мемлекеттік тізілімде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақта көрсетілген тауарлардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.

      8. Ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, мүгедектерге арнаулы жүріп-тұру құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.

      9. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) денсаулық сақтау саласындағы қызмет үшін – фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке лицензияның және (немесе) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудада өткізуге берілген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның қабылданғаны туралы талонның (бұдан әрі – хабарламаның қабылданғаны туралы талон) көшірмелері;

      ветеринария саласындағы қызмет үшін – ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түріне арналған лицензияның немесе ветеринария саласындағы қызметті растайтын құжаттың** (бұдан әрі – құжат**) көшірмесі;

      ескертпе**: лицензиялауға жатпайтын ветеринария саласындағы қызметтің түрлері үшін – заңды тұлғаның жарғысы немесе жануарлар өсіруді, жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісіне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру туралы растама немесе ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

      2) толық фирмалық атауы, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты кіші тауар субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары. Қажет болған жағдайда фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады;

      жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа мынадай шарттарды сақтау қажет:

      денсаулық сақтау саласында (мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдарды, жабдықтар мен жинақтаушыларды әкелуді қоспағанда): "Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі" электрондық дерекқорында Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника туралы мәліметтердің болуы немесе дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің көшірмесін немесе Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника үшін – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік орган беретін Мемлекеттік тізілімнен үзіндіні немесе "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы

      18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3 және

      4-тармақтарында белгіленген жағдайларда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың айналымы саласындағы мемлекеттік органның Мемлекеттік тізілімде тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкелу туралы қорытындысын (рұқсат құжатын) ұсыну;

      ветеринария саласында:

      ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттар импортталған жағдайда – ветеринариялық препараттың Қазақстан Республикасында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну (ветеринариялық препараттардың үлгілері тіркеу сынағын жүргізу үшін әкелінетін жағдайларды қоспағанда).

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде импортталған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына мыналар ұсынылады:

      1) денсаулық сақтау саласында – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензияның және (немесе) хабарламаның қабылданғаны туралы талонның көшірмесі, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгісі бар хабарламаның және медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған электрондық құжат түріндегі талон көшірмесі;

      ветеринария саласындағы қызмет үшін – ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түріне лицензияның немесе құжаттың**көшірмесі;

      2) толық фирмалық атауы, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары. Қажет болған жағдайда қорытынды қабылдау үшін фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары мен үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады;

      3) тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт.

      Кез келген нысандағы дәрілік заттарды шығаруға арналған тауарларды материалдарды, жабдықтар мен жинақтаушыларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына мыналарды ұсыну қажет:

      1) фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесі;

      2) толық фирмалық атауы, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (қажет болған жағдайда фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады).

      Мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импорттаған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органына мыналарды ұсыну қажет:

      1) фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесі, медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы талон немесе заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі;

      2) толық фирмалық атауы, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына біржола жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамалары (қажет болған жағдайда фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорттары, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа құжаттар ұсынылады).

      10. Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты кезінде тауарға ілеспе құжаттар ұсынылады.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерін шығару үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына шикізат импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) ақша белгілерін шығару үшін әкелінетін шикізаттың мақсаты туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің растамасы;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған әкелінетін шикізатты нысаналы пайдалану туралы жүк алушының міндеттемесі.

      12. Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желілері бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетпен (немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен) не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйыммен жасалған Қазақстан Республикасына грант беру туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шартының көшірмесі (ол болған жағдайда);

      2) халықаралық ұйым грантты халықаралық шарт жасалмай берген жағдайда – өзі берген грант қаражаты есебінен тауарлар импорты туралы халықаралық ұйымның растамасы;

      3) халықаралық шартқа (оны жасасқан жағдайда) сілтемесі бар тауарға ілеспе құжаттар;

      4) бенефициардың (грант алушының) әкелінетін тауарлар туралы растамасы.

      13. Осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 10, 11 және 12-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарлар босатуды беруге байланысты мақсаттарға ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.

      Осы Қағидалардың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін тауарларды:

      денсаулық сақтау саласында:

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген фармацевтикалық немесе медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларға және (немесе) хабарламаның қабылданғаны туралы талонға, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгісі бар хабарламаның көшірмесіне немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған электрондық құжат нысанындағы талонға сәйкес көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау субьектілері;

      ветеринария саласында:

      ветеринариялық қызметті жүзеге асыруға (тек ветеринария саласындағы лицензияланатын қызмет түрлері үшін) арналған лицензияларға немесе құжатқа** сәйкес Қазақстан Республикасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар пайдалануы тиіс.

      Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасындағы тиісті фармацевтикалық, медициналық немесе ветеринариялық қызметке сәйкес келмейтін мақсатта пайдаланған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.

  Еуразиялық экономикалық
одақта тауарлар
импортын қосылған құн
салығынан
босату қағидаларына
1-қосымша

      Мемлекеттік кірістер органының басшысына

      ______________________

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ізгілік көмекті нысаналы пайдалану туралы міндеттеме

      Мен,___________________________________________________________

      (жүк алушының атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы, банк деректемелері не

      болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)

      тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) __________

      өтінішке сәйкес _____________________________________________________

      (тауар атауы)

      _________________________________________________________________________________________________________ ізгілік көмек ретінде әкелдім.

      Осыған байланысты көрсетілген тауарларды халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін ғана пайдалануға және коммерциялық пайда алу үшін пайдаланбауға міндеттенемін.

      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ____________ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

      Қолы __________/____________/ Күні 20__ жылғы "___" ___________

      Т.А.Ә.

  Еуразиялық экономикалық
одақта тауарлар
импортын қосылған құн
салығынан
босату қағидаларына
2-қосымша

      Мемлекеттік кірістер органының басшысына

      ______________________

Әкелінетін тауарларды ресми, жеке қолдану үшін ғана нысаналы пайдалану туралы алушының міндеттемесі

      Мен,___________________________________________________________

      (жүк алушының атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы, банк деректемелері не

      болмаса

      Т.А.Ә. және паспорттық деректері)

      тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) _____ өтінішке сәйкес _____________________________________________________

      (тауар атауы)

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________ ресми, жеке қолдану үшін әкелдім. Осыған байланысты көрсетілген тауарларды қатаң түрде олардың нысаналы мақсатында сәйкес пайдалануға міндеттенемін.

      Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ____________ теңге

      мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн

      салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

      _____________/____________/ Күні 20__ жылғы "___" _____________

      Т.А.Ә. (қолы)

  Еуразиялық экономикалық
одақта тауарлар
импортын қосылған құн
салығынан
босату қағидаларына
3-қосымша

      Мемлекеттік кірістер органының басшысына

      ______________________

Ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты нысаналы пайдалану
туралы міндеттеме

      Мен,________________________________________________________________

      (жүк алушының атауы, СТН-і (ЖСН/БСН), мекенжайы, банк деректемелері не болмаса Т.А.Ә. және паспорттық деректері)

      тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы № (№) ______ өтінішке сәйкес ________________________________________________

      (тауар атауы)

      ____________________________________________________________________

      ________________ ақша белгілерін шығару үшін шикізат ретінде әкелдім.

      Осыған байланысты көрсетілген тауарларды қатаң түрде олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ________ теңге мөлшерінде осындай тауарларды әкелу кезінде төленбеген қосылған құн салығын және олардан алынатын өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін.

      Қолы __________/____________/ Күні 20__ жылғы "___" ___________

      Т.А.Ә.

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2016 года № 736. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2020 года № 540 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.08.2020 № 540 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие настоящего постановления см. п.2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан (далее – изменения и дополнения).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев второго, пятого, шестого, седьмого, восьмого, девятого, десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого и четырнадцатого подпункта 5), абзацев третьего, пятого и шестого подпункта 6) пункта 1 изменений и дополнений, пункта 8, абзацев первого, третьего, четвертого, пятого, шестого, восьмого, девятого, десятого, двенадцатого, тринадцатого и четырнадцатого пункта 9, абзацев первого, второго, пятого, шестого и седьмого пункта 13 приложения к настоящему постановлению, которые вводятся в действие с 1 января 2015 года.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

Б. Сагинтаев


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 24 ноября 2016 года № 736

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 922 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2010 года № 217 "Об утверждении перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения мероприятий по борьбе с вредными организмами" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 25-26, ст. 187):

      в Правилах проведения мероприятий по борьбе с вредными организмами, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Мероприятия по борьбе с вредными организмами за счет бюджетных средств осуществляются в соответствии с законами Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", от 3 июля 2002 года "О защите растений" и от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" на основании соответствующего решения местного органа.".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 922 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 24 ноября 2016 года № 736
Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 августа 2010 года № 824

Правила
освобождения от налога на добавленную стоимость
импорта товаров в Евразийском экономическом союзе

      Сноска. Приложение утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 922 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).