Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 759 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2016 жылғы 2 желтоқсандағы
  № 759 қаулысымен
  бекітілген

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 28.10.2019 № 804 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер (бұдан әрі – кемелер) мен қазақстандық әуе кемелеріне (бұдан әрі – әуе кемелері) Заңның 55-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсаттардың (бұдан әрі – рұқсат) шарттарын көрсетілген кемелердің сақтауы бөлігінде ғана бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Рұқсат алған кемелерге қатысты бақылауды Шекара қызметі жүзеге асырады.

      Рұқсат алған әуе кемелеріне қатысты бақылауды Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен бірлесіп жүзеге асырады.

      Заңның 70-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын әуе кеңістігінде күзету кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған кемелер және әуе кемелері тасымалдайтын жолаушылар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік ұсынатын жолаушылар тізіміне сәйкес бақылаудан өтеді, оған Шекара қызметінің лауазымды адамы бақылаудан өткені туралы белгі қояды.

      4. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған кемелер мен әуе кемелерімен тасымалданатын жүктер мен тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес әкелінеді.

      Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптары сақтала отырып әкелінген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының су кеңістігіне өткізу кедендiк бақылаусыз жүзеге асырылады.

2-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      5. Кеме порттан (орналасу пунктінен), теңіздегі өткізу пунктінен немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орыннан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығар алдында, бірақ оған дейін кемінде төрт сағат қалғанда, кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығаруды жоспарлайтын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік немесе кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) жауапкершілік учаскесінде порт (орналасу пункті), теңіздегі өткізу пункті немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін өзге де орын орналасқан Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне кеменің шығуға әзір екені туралы кез келген байланыс құралдары арқылы ауызша хабар береді және рұқсат беруге құжаттарды тапсырған кезде мәлімделген жүру жолы өзгерген жағдайда, кеменің жүру маршрутын нақтылайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Шекара қызметінің лауазымды адамдары кемеге келгеннен кейін кемені қадағалауды және қарап-тексеруді ұйымдастырады. Кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарына рұқсатты, Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған кеме экипажының құрамын, кеме жолаушыларының тізімін және кеме экипажының мүшелері мен жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады. Шекара қызметінің лауазымды адамдары құжаттарды ондағы мәліметтердің дұрыстығы мен олардың дұрыс ресімделуі тұрғысынан тексеріп, оларды кеменің капитанына (капитанның вахталық көмекшісіне) қайтарады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Шекара қызметінің лауазымды адамдары мынадай құжаттардың да бар-жоғын тексереді:

      1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлiгiнің немесе шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат;

      2) кеме журналы;

      3) кеменің жабдықталу мен жарақталу қауіпсіздігі туралы куәлігі.

      8. Шекара қызметінің лауазымды адамдары кеменің капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) мен экипажы мүшелеріне ауызша сұрау жүргізеді, сондай-ақ капитанмен (капитанның вахталық көмекшісімен) бірлесіп, кемені қарап-тексеруді жүргізеді.

      9. Бақылау аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамы рұқсатқа белгілер қояды. Шекара қызметінің лауазымды адамы жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне байланыс құралдары арқылы ақпарат береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Кемелердің Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығуы Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары кемеде бақылауды аяқтағаннан кейін порттан (орналасу пунктінен), теңіздегі өткізу пунктінен немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін өзге де орыннан жүзеге асырылады.

      Кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығаруды Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған кеме экипажының құрамына кіретін адамдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігінде болған кезде рұқсатқа сәйкес мынадай талаптар орындалады:

      1) кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесімен үнемі радиобайланыста болады, кеме тұрған географиялық координаталарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің әр фактісі туралы хабардар етеді және ол туралы кеме журналына жазба жүргізеді;

      2) кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары істен шыққан кезде кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) ақау себептері туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

      Кеменің орналасқан жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдарының істен шығуына әкелген себептерді төрт сағат ішінде жою мүмкін болмаған жағдайда, кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) бұл туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін хабардар етеді және ақауды жою үшін портқа (орналасу пунктіне), теңіздегі өткізу пунктіне немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға қайта оралады;

      3) Шекара қызметі лауазымды адамдарының талабы бойынша кеменің капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) кеменің орналасқан жеріне қатысты ақпаратты және кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне байланысты басқа да қажетті ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Кеме Қазақстан Республикасының портына (орналасу пунктіне), теңіздегі өткізу пунктіне немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келерге дейін кемінде төрт сағат қалғанда кемені басқаратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға, филиал, өкілдік немесе кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) бұл туралы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне кез келген байланыс құралдары арқылы ауызша хабар береді. Шекара қызметінің лауазымды адамдары портқа (орналасу пунктіне), теңіздегі өткізу пунктіне немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келіп, кемені қадағалауды ұйымдастырады, осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тексеруді, кемені қарап-тексеруді, кеме экипажы мүшелерінің түсірілуін қадағалауды жүзеге асырады, кеме капитаны (капитанның вахталық көмекшісі) мен экипажы мүшелеріне ауызша сұрау жүргізеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Кемеден экипаж мүшелерін, адамдарды түсіру, кез келген жүктер мен тауарларды түсіру (тиеу) Шекара қызметінің бақылауы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Бақылау аяқталған соң Шекара қызметінің лауазымды адамы рұқсатқа кеменің портқа (орналасу пунктіне), теңіздегі өткізу пунктіне немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келуі туралы белгі қояды.

3-тарау. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық әуе кемелерін бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      14. Шекара қызметінің лауазымды адамдары әуе кемесіне келгеннен кейін әуе кемесін қадағалауды және қарап-тексеруді ұйымдастырады. Әуе кемесінің командирі (ұшу экипажының мүшесі) Шекара қызметінің лауазымды адамдарына рұқсатты, Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған әуе кемесі экипажының құрамын, кеме жолаушыларының тізімін және әуе кемесі экипажының мүшелері мен жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады.

      Шекара қызметінің лауазымды адамдары құжаттарды ондағы мәліметтердің дұрыстығы және олардың дұрыс ресімделуі тұрғысынан тексеріп, оларды әуе кемесінің командиріне (ұшу экипажының мүшесіне) қайтарады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Шекара қызметінің лауазымды адамдары әуе кемесінің командирі мен экипажы мүшелеріне ауызша сұрау жүргізеді, сондай-ақ әуе кемесінің командирімен (ұшу экипажының мүшесімен) бірлесіп, кемені тексеріп қарайды.

      16. Бақылау аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамы ұшу тапсырмасына (ұшу парағына) жазба жасайды және рұқсатқа белгілер қояды. Шекара қызметінің лауазымды адамы Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне байланыс құралдары арқылы жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы ақпарат береді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Әуе кемелерінің Каспий теңізінің қазақстандық секторының үстіндегі әуе кеңістігіне ұшып шығуы Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары кемеде бақылау жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасының әуеайлақтарынан, тікұшақ айлақтарынан және қону алаңдарынан, оның ішінде халықаралық ұшулар үшін ашылмағандарынан да жүзеге асырылады.

      Әуе кемелерін Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне ұшып шығаруды Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы куәландырған кеме экипажы құрамына енгізілген адамдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Құрлықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын әуе кемелерінің ұшулары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Шекара қызметінің лауазымды адамдары орналасу пунктіне келіп, әуе кемесін байқауды ұйымдастырады, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды тексеруді, кемені тексеріп-қарауды, кеме экипажы мүшелерінің түсуін байқауды жүзеге асырады, кеме командирі мен экипажы мүшелеріне ауызша сұрау жүргізеді.

      20. Әуе кемесі экипажы мүшелерінің, адамдардың түсуі, кез келген жүктер мен тауарларды түсіру (тиеу) Шекара қызметінің бақылауы аяқталған соң жүзеге асырылады. Бақылау аяқталғаннан кейін Шекара қызметінің лауазымды адамы рұқсатқа әуе кемесінің орналасу пунктіне келуі туралы белгілер қояды, сондай-ақ ол туралы ұшу тапсырмасына (ұшу парағына) жазба жасайды.



Об утверждении Правил осуществления контроля за казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 759.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 28.10.2019 № 804 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 12-1) статьи 55 Закона Республики Казахстан от 16 января 2013 года "О Государственной границе Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления контроля за казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 28.10.2019 № 804 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 декабря 2016 года № 759

Правила осуществления контроля за казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию

      Сноска. Правила в редакции постановления Правительства РК от 28.10.2019 № 804 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления контроля за казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию, (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12-1) статьи 55 Закона Республики Казахстан от 16 января 2013 года "О Государственной границе Республики Казахстан" (далее – Закон) и определяют порядок осуществления контроля за казахстанскими и иностранными судами (далее – суда) и казахстанскими воздушными судами (далее – воздушные суда), задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию, исключительно в части соблюдения указанными судами условий разрешений на неоднократное пересечение Государственной границы Республики Казахстан (далее – разрешение), выданных им Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее – Пограничная служба) в соответствии с порядком выдачи разрешения на неоднократное пересечение Государственной границы Республики Казахстан казахстанскими и иностранными судами и казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию, утверждаемым Правительством Республики Казахстан согласно подпункту 12-1) статьи 55 Закона.

      2. Контроль в отношении получивших разрешение судов осуществляется Пограничной службой.

      Контроль в отношении получивших разрешение воздушных судов осуществляется Пограничной службой совместно с Вооруженными Силами Республики Казахстан.

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 70 Закона Силы воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан осуществляют контроль за соблюдением порядка пересечения Государственной границы Республики Казахстан при охране Государственной границы Республики Казахстан в воздушном пространстве.

      3. Пассажиры, перевозимые судами и воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию, проходят контроль согласно предоставленному индивидуальным предпринимателем или юридическим лицом, филиалом, представительством списку пассажиров, на котором должностное лицо Пограничной службы делает отметку о прохождении контроля.

      4. Грузы и товары, перевозимые судами и воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию, ввозятся на территорию Республики Казахстан в соответствии с таможенным законодательством Евразийского экономического союза и таможенным законодательством Республики Казахстан.

      Перемещение в водное пространство казахстанского сектора Каспийского моря грузов и товаров, ввезенных на территорию Республики Казахстан с соблюдением требований таможенного законодательства Евразийского экономического союза и Республики Казахстан, с территории Республики Казахстан осуществляется без таможенного контроля.

Глава 2. Порядок осуществления контроля за судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию

      5. Перед выходом судна из порта (пункта базирования), морского пункта пропуска или иного места, где осуществляется пропуск через Государственную границу Республики Казахстан, в водное пространство казахстанского сектора Каспийского моря, но не позднее, чем за четыре часа, индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, филиал, представительство, планирующие выход судна в водное пространство казахстанского сектора Каспийского моря, или капитан судна (вахтенный помощник капитана) устно по любым средствам связи оповещают территориальное подразделение Пограничной службы, на участке ответственности которого находится порт (пункт базирования), морской пункт пропуска или иное место, где осуществляется пропуск через Государственную границу Республики Казахстан, о готовности выхода судна и уточняют маршрут следования судна в случае изменения пути следования, заявленного при подаче документов на выдачу разрешения.

      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2020 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. По прибытии на судно должностные лица Пограничной службы организуют наблюдение за судном и его осмотр. Капитан судна (вахтенный помощник капитана) представляет должностным лицам Пограничной службы разрешение, состав экипажа судна, заверенный начальником территориального подразделения Пограничной службы, список пассажиров судна и документы, удостоверяющие личность членов экипажа судна и пассажиров. Должностные лица Пограничной службы, проверив документы на предмет достоверности содержащихся в них сведений и правильности их оформления, возвращают их капитану судна (вахтенному помощнику капитана).

      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2020 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Должностные лица Пограничной службы также проверяют наличие следующих документов:

      1) свидетельства о праве плавания судна под Государственным флагом Республики Казахстан или разрешения на эксплуатацию судна, плавающего под флагом иностранного государства, в казахстанском секторе Каспийского моря;

      2) судового журнала;

      3) свидетельства о безопасности судна по оборудованию и снабжению.

      8. Должностные лица Пограничной службы проводят устный опрос капитана (вахтенного помощника капитана) и членов экипажа судна, а также досмотр судна совместно с капитаном (вахтенным помощником капитана).

      9. По завершении контроля должностное лицо Пограничной службы делает отметки в разрешении. О результатах проведенных мероприятий должностное лицо Пограничной службы по средствам связи передает информацию в территориальное подразделение Пограничной службы.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2020 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Выход судов в водное пространство казахстанского сектора Каспийского моря осуществляется из портов (пунктов базирования), морского пункта пропуска или иного места, где осуществляется пропуск через Государственную границу Республики Казахстан, после завершения контроля на судне должностными лицами территориального подразделения Пограничной службы.

      Выход судов в водное пространство казахстанского сектора Каспийского моря осуществляют лица, которые включены в состав экипажа судна, заверенный начальником территориального подразделения Пограничной службы.

      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2020 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. При нахождении в водном пространстве казахстанского сектора Каспийского моря в соответствии с разрешением соблюдаются следующие требования:

      1) капитан судна (вахтенный помощник капитана) поддерживает постоянную радиосвязь с территориальным подразделением Пограничной службы, информирует о каждом факте пересечения Государственной границы Республики Казахстан с указанием географических координат нахождения судна и производит об этом запись в судовом журнале;

      2) при выходе из строя технических средств контроля, обеспечивающих постоянную автоматическую передачу информации о местоположении судна, капитан судна (вахтенный помощник капитана) сообщает о причинах неисправности в территориальное подразделение Пограничной службы.

      В случае невозможности в течение четырех часов устранить причины, повлекшие выход из строя технических средств контроля, обеспечивающих постоянную автоматическую передачу информации о местоположении судна, капитан судна (вахтенный помощник капитана) информирует об этом территориальное подразделение Пограничной службы и возвращается в порт (пункт базирования), морской пункт пропуска или иное место, где осуществляется пропуск через Государственную границу Республики Казахстан, для устранения неисправности;

      3) по требованию должностных лиц Пограничной службы капитан судна (вахтенный помощник капитана) представляет информацию, касающуюся местонахождения судна, и другую необходимую информацию, связанную с неоднократным пересечением судном Государственной границы Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 29.04.2020 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Перед прибытием судна в порт (пункт базирования), морской пункт пропуска или иное место, где осуществляется пропуск через Государственную границу Республики Казахстан, не позднее, чем за четыре часа, индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, филиал, представительство, в управлении которых находится судно, или капитан судна (вахтенный помощник капитана) устно по любым средствам связи оповещают об этом территориальное подразделение Пограничной службы. Должностные лица Пограничной службы прибывают в порт (пункт базирования), морской пункт пропуска или иное место, где осуществляется пропуск через Государственную границу Республики Казахстан, организуют наблюдение за судном, осуществляют проверку документов, указанных в пунктах 6 и 7 настоящих Правил, досмотр судна, наблюдение за высадкой членов экипажа судна, проводят устный опрос капитана (вахтенного помощника капитана) и членов экипажа судна.

      Сноска. Пункт 12 в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2020 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Высадка членов экипажа, людей, выгрузка (погрузка) любых грузов и товаров из судна осуществляются после завершения контроля Пограничной службой. По окончании контроля должностное лицо Пограничной службы делает в разрешении отметки о прибытии судна в порт (пункт базирования), морской пункт пропуска или иное место, где осуществляется пропуск через Государственную границу Республики Казахстан.

Глава 3. Порядок осуществления контроля за казахстанскими воздушными судами, задействованными в операциях по недропользованию и обеспечении операций по недропользованию

      14. По прибытии на воздушное судно должностные лица Пограничной службы организуют наблюдение за воздушным судном и его осмотр. Командир воздушного судна (член летного экипажа) представляет должностным лицам Пограничной службы разрешение, состав экипажа воздушного судна, заверенный начальником территориального подразделения Пограничной службы, список пассажиров судна и документы, удостоверяющие личность членов экипажа воздушного судна и пассажиров.

      Должностные лица Пограничной службы, проверив документы на предмет достоверности содержащихся в них сведений и правильности их оформления, возвращают их командиру воздушного судна (члену летного экипажа).

      Сноска. Пункт 14 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 29.04.2020 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Должностные лица Пограничной службы проводят устный опрос командира и членов экипажа воздушного судна, а также досмотр судна совместно с командиром (членом летного экипажа).

      16. По окончании контроля должностное лицо Пограничной службы производит запись в задании на полет (полетном листе) и делает отметки в разрешении. О результатах проведенных мероприятий должностное лицо Пограничной службы по средствам связи передает информацию в территориальное подразделение Пограничной службы.

      Сноска. Пункт 16 в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2020 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Вылет воздушных судов в воздушное пространство над казахстанским сектором Каспийского моря осуществляется с аэродромов, вертодромов и посадочных площадок Республики Казахстан, в том числе не открытых для международных полетов, после проведения контроля на судне должностными лицами территориального подразделения Пограничной службы.

      Вылет воздушных судов в воздушное пространство над казахстанским сектором Каспийского моря осуществляют лица, которые включены в состав экипажа судна, заверенный начальником территориального подразделения Пограничной службы.

      Сноска. Пункт 17 в редакции постановления Правительства РК от 29.04.2020 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Полеты воздушных судов, осуществляющих доставку людей, грузов и товаров с территории Республики Казахстан на искусственные острова, установки и сооружения, плавучие буровые установки, включая плавучие гостиницы, расположенные в водном пространстве над континентальным шельфом, либо с искусственных островов, установок и сооружений, плавучих буровых установок, включая плавучие гостиницы, на территорию Республики Казахстан, осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области использования воздушного пространства.

      19. Должностные лица Пограничной службы прибывают в пункт базирования, организуют наблюдение за воздушным судном, осуществляют проверку документов, указанных в пункте 14 настоящих Правил, досмотр судна, наблюдение за высадкой членов экипажа судна, проводят устный опрос командира и членов экипажа судна.

      20. Высадка членов экипажа воздушного судна, людей, выгрузка (погрузка) любых грузов и товаров осуществляются после завершения контроля Пограничной службой. По окончании контроля должностное лицо Пограничной службы делает в разрешении отметки о прибытии воздушного судна в пункт базирования, а также запись об этом в задании на полет (полетном листе).