РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-1-жолмен толықтырылсын:
"
32-1 |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру |
Жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық тұрғыда қолдануға гранттар беру |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Ғылым комитеті) |
"Ғылым қоры" АҚ |
217 "Ғы-лымды дамыту" 102 "Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру" |
1 000 000 |
".
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Б. Сағынтаев |