"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен "Атырау облысында "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру". Түзету" техникалық-экономикалық негіздеме заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |