"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының мынадай білім беру ұйымдарына:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Искандер Даутовтың есімі;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Петропавл темір жол көлігі колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық білім кәсіпорнына Бәйкен Әшімовтің есімі берілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Березовка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Филипп Чижиков атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |