Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1228 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын жүзеге асыру арқылы инвестициялар тартуға, мамандарды оқытуға және даярлауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асыратын Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы басым деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |