"Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 31 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1228 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын жүзеге асыру арқылы инвестициялар тартуға, мамандарды оқытуға және даярлауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асыратын Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы басым деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады