1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша мемлекет атынан Қазақстан Республикасының үлесін алушыны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 67 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
2016 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 43) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2018 № 172 қаулысымен

      1. "PSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімде көзделген салықтық міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін Қазақстан Республикасының үлесін мемлекет атынан алушы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Об определении получателя от имени государства доли Республики Казахстан по Соглашению о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2017 года № 67.

      Примечание РЦПИ!
Настоящее постановление вводится в действие с 1 ноября 2016 года.

      В соответствии с подпунктом 43) пункта 1 статьи 1 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 06.04.2018 № 172.

      1. Определить товарищество с ограниченной ответственностью "PSA" получателем от имени государства доли Республики Казахстан, передаваемой в натуральной форме недропользователем в счет исполнения налогового обязательства, предусмотренного Соглашением о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 ноября 2016 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев