"1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша мемлекет атынан Қазақстан Республикасының үлесін алушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 67 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 172 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша мемлекет атынан Қазақстан Республикасының үлесін алушыны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 67 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 43) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады