Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясына Мақан Есболатовтың есімін беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне Мақан Есболатовтың есімі берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
      "1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы.";
      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "

21)
ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы
597***

       ".
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

О присвоении имени Макана Есбулатова Алматинской академии Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 79.

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Присвоить имя Макана Есбулатова республиканскому государственному учреждению "Алматинская академия Министерства внутренних дел Республики Казахстан".
      2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 25, ст. 311):
      в Положении о Министерстве внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в перечне государственных учреждений, находящихся в ведении Министерства внутренних дел Республики Казахстан и его ведомств:
      в разделе "1. Министерство внутренних дел Республики Казахстан":
      строку, порядковый номер 10, изложить в следующей редакции:
      "10. Алматинская академия Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Макана Есбулатова.";
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":
      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:
      в разделе 1:
      подпункт 21) изложить в следующей редакции:
      "

21)
Алматинская академия МВД им. М. Есбулатова
597***

       ".
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев