1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырыбындағы "шығындары", "заңдарды" деген сөздер тиісінше "шығыстары", "заңнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспеде "шығындары" деген сөз "шығыстары" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) бүкіл мәтін бойынша "АІЖК", "АІЖК-нің" деген сөздер "АПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;
4)1-тармақта:
"шығындарымен", "Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)" деген сөздер тиісінше "шығыстарымен", "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(бұдан әрі – Салық кодексі)" деген сөздер алып тасталсын;
5) 2-тармақта:
"100" деген цифрлар "102" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"шығындары" деген сөз "шығыстары" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 3-тармақта:
"шешімдерінің, ұйғарымдарының және басқа да сот қаулыларының" деген сөздер "актілерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 4-тармақта:
бірінші абзацтағы "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тиісті уәкілетті органдар осындай құрылымдық бөлімшенің мүддесі үшін заңды мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік бажды дербес төлеушілер ретінде қаралатын құрылымдық бөлімшелер" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"сот актілерінің көшірмелерін, істегі басқа құжаттардың көшірмелерін қайта беру не атқару парағының телнұсқасын беру бойынша сотқа жүгінген жағдайда, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде іске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалар.
Мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжаттарында оның тиісті сомасын заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасау үшін сотқа жүгінген нақты төлеушінің төлегендігі көрсетілген жағдайда, арыз беруші – жеке тұлға өзінің өкілі арқылы мемлекеттік бажды төлеуді жүргізуі мүмкін.";
8) 5-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"салық тексерулерінің актілері бойынша хабарламаларға дара кәсiпкерлер мен шаруа (фермер) қожалықтарының шағымдануы, олар үшін мемлекеттік баж мөлшерлемесі хабарламада көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлмен қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызын, бірақ 500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерді, ал заңды тұлғалар үшін хабарламада көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (өсімпұлмен қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызын, бірақ 20 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерді құрайтын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтардың сотқа беретін арыздары үшін жеке тұлғаларға Салық кодексінде көзделген мөлшерлемелер бойынша ақы төленеді;"
сегізінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бұл ретте, арын, абыройын және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянға ақшалай нысанда өтемақы өндіру туралы талаптардан мемлекеттік баж өтеуге ұсынылған сомадан айқындалады.";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүліктік сипаттағы даулар бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж мөлшерін анықтау кезінде сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатта көрсетілген арыз берушінің даулайтын сомасын негізге алған жөн. Мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын даулар бойынша мемлекеттік баж оны төлеу күніндегі Қазақстан Республикасында белгіленген айлық есептік көрсеткіш негізінде төленеді.";
9) 7-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат қоса тіркелмеген не ол толық мөлшерде төленбесе немесе сәйкес келмейтін деректемелер (бенефициары, коды, БЖК және т.б.) бойынша төлем жүргізілсе талап арыз АПК-нің 152-бабына сәйкес қайтарылуға жатады, өйткені мемлекеттік бажды төлемеу азаматтық істі қозғауға кедергі келтіреді.";
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Қарсы талап арыз берген кезде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың болмауы да қарсы талап арызды қайтару үшін негіз болып табылады.
АПК-нің 105-бабының бірінші бөлігіне және АПК-нің 106-бабының үшінші бөлігіне сәйкес талап етушіні оны төлеуден босату, оны төлеуді кейінге қалдыру құқығының болу фактілері және талап қою құнын айқындау қиынға түскен жағдай ерекше болып табылады.";
10) 8-тармақта:
"Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237-I Заңының" деген сөздер "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VI Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 9-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берілген кезде мемлекеттік баж кассациялық сатыдағы сот орналасқан жер бойынша бюджетке төленуге жатады.";
12) 10-тармақта:
бірінші абзацта:
"102" деген цифрлар "104" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"Талап арызда бағасының көрсетілмеуі талап арыздың қозғалыссыз қалдырылуына негіз болуы мүмкін." деген екінші сөйлем алып тасталсын;
төртінші абзацта:
"алименттерді өндіріп алу" деген сөздерден кейін ", оларды азайту (ұлғайту) және алименттерді төлеуден босату" деген сөздермен толықтырылсын;
"салық комитетінен" деген сөздер "мемлекеттік кірістер органдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңының" деген сөздер "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
"мүлікке меншік құқығы туралы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 157-1-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен мәмілелер бойынша алынған барлық мүлікті кейіннен қайтарумен байланысты мүлікті иеліктен шығару шартын жарамсыз деп тану туралы, мүлікке үлес құқығын тану туралы, жалпы мүліктен үлесті бөліп шығару туралы талап арыздар бойынша мемлекеттік баж сотқа талап арыз берілген күнге іздеу салынатын мүліктің нарықтық құны негізінде алынады. Кепіл туралы шартқа дау айту кезінде талап қою бағасы шартта көрсетілген мүліктің құнынан аспауы тиіс.
Егер талапкер (талапкерлер) сол бір мүлікке қатысты бірнеше осындай талаптарды бір арызда біріктірсе, мемлекеттік баж мөлшері дауланатын мәмілелердің санына қарамастан, әр талап бойынша оның құнынан емес, іздеу салынатын мүліктің нарықтық құнынан айқындалуы тиіс.
Егер берешекті өндіріп алу туралы сот актісі болған жағдайда кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы жеке талап қойылса, оған мүліктік емес сипаттағы талап ретінде мемлекеттік баж салынады.
Берешекті өндіріп алу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы талаптар бір мезгілде мәлімделген жағдайда, мемлекеттік баж мөлшері әр талап бойынша жеке айқындалады.
Берешекті өндіріп алу туралы сот актісі болмаған кезде кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы талап бойынша мемлекеттік баж мөлшері кепіл туралы шартта көрсетілген мүлік құнынан аспайтын берешек сомасынан айқындалады.
Мүлікке тыйым салудан және басқа да ауыртпалықтан босату туралы талаптардан әрбір талап үшін (тыйым салу (ауыртпалық салу) туралы қаулы), мүліктік емес сипаттағы әрбір талап ретінде мемлекеттік баж төленуге жатады.";
13) 11-тармақта:
"27", "153", "154", "247", "249" деген цифрлар тиісінше "29", "151", "152", "277", "279" деген цифрлармен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "106-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшасында" деген сөздер "107-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
"бір жыл ішінде салық органына" деген сөздер "мемлекеттік кірістер органдарына үш жылдық мерзім аяқталғанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"түпнұсқасы немесе соттың" деген сөздер "түпнұсқасы, сот" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Салық органының" деген сөздер "Мемлекеттік кірістер органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "талапкермен алынбаған жағдайда, оның бюджетке алынған күннен бастап бір жыл мерзім өтпесе," деген сөздер "Салық кодексінің 548-бабындағы тәртіппен талапкер қайтармаған жағдайда, оның бюджетке алынған күннен бастап үш жылдық мерзім өтпесе," деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Тараптар татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасаған кезде мемлекеттік бажды қайтару тәртібі АПК-нің 115-бабында регламенттелген.";
14) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Істерді АПК-нің 12, 13-тарауларындағы тәртіппен қарау кезінде сот АПК-нің 8-тарауының талаптарына сәйкес тараптардың арасында сот шығыстарын бөлу туралы мәселені шешуге міндетті.
Бұл ретте сот өкілдің көрсеткен көмегінің, оның ішінде талап арызды дайындаумен және ресімдеумен байланысты көмегінің көлемін ескеруі тиіс. Мұндай шығыстар АПК-нің 108-бабының 9) тармақшасына сәйкес өтелуге жатады.";
15) 12-тармақта:
"107", "108", "109" деген цифрлар тиісінше "108", "110", "111" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"шығындарын", "шығындарының", "шығындарынан", "шығындар", "шығындары" деген сөздер тиісінше "шығыстарын", "шығыстарының", "шығыстарынан", "шығыстар", "шығыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
"Азаматтық сот іс жүргізуіне қатысқандығы үшін өзге шығындар" деген сөздер "Өзге шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Мұндай шығыстарға: өкілдің өкілеттігін ресімдеу бойынша істі қозғауға дейін, сот қатысы бар және жол берілетін деп таныған дәлелдемелерді алуға; дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтауға; талап қою құнын айқындауға; талап қоюды қамтамасыз ету туралы соттың ұйғарымын орындау кезінде жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуге байланысты жасалған шығыстар және т.б. жатқызылуы мүмкін.";
алтыншы абзацтағы "АК" деген сөз "АК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "107-бабы 2-4), 6), 9), 10) тармақшаларында" деген сөздер "108-бабының 2), 3), 4), 6), 9) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 13-тармақта:
"112" деген цифрлар "114" деген цифрлармен ауыстырылсын;
абзацтардың "1)", "2)" деген цифрлармен белгіленуі алып тасталсын;
17) 14-тармақта:
бірінші абзацта:
"өкілдердің" деген сөз "өкілдің (бірнеше өкілдердің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"110", "111" деген цифрлар тиісінше "109", "113" деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
"Процеске қатысқан өкілдің" деген сөздер "Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша процеске қатысқан өкілдің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"6-бабының алтыншы бөлігінде" деген сөздер "6-бабының бесінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 15-тармақта:
"221" деген цифрлар "226" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"шығындарының", "шығындарын", "шығындары" деген сөздер тиісінше "шығыстарының", "шығыстарын", "шығыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 16-тармақта:
"110" деген цифрлар "109" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"шығындарын", "шығындарды", "ставкасы" деген сөздер тиісінше "шығыстарын", "шығыстарды", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Ерекше іс жүргізу, алименттердің мөлшерін азайту (ұлғайту) және оларды төлеуден босату туралы істер бойынша арыз берушілер шеккен сот шығыстары өтелуге жатпайды.";
20) 17-тармақта:
бірінші абзацта:
"113" деген цифрлар "115" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"шығындары" деген сөз "шығыстары" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер талапкер талаптарды бергеннен кейін оларды жауапкер ерікті түрде қанағаттандыру нәтижесінде өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талапкердің өтінішхаты бойынша жауапкерден барлық шеккен сот шығыстарын өндіріп алады. Егер талап қою жауапкердің кінәлі мінез-құлқынан туындамаса, онда сотта жауапкер қойылған талапты мойындаған жағдайда сот шығыстары талапкерге жүктеледі.";
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"АПК-нің 279-бабының 6), 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап арыз қараусыз қалдырылған кезде талапкер шеккен сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Бұл жағдайда талапкер жауапкерге оның өтінішхаты бойынша істі жүргізуге байланысты ол шеккен сот шығыстарын өтейді.";
21) 18-тармақта:
үшінші абзацтағы "апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы сот шығындарын", "шығындарды" деген сөздер тиісінше "апелляциялық және кассациялық сатыларындағы сот шығыстарын", "шығыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"Егер өтінішхат істі сот сатыларында қарау кезінде талқыланса, бірақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру қажеттілігіне байланысты сот шығыстары өтелмеген болса және бұл туралы тиісті сот сатысындағы сот қаулысында көрсетілсе, бірінші сатыдағы сот тараптардың арыздары бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда істі қарау барысында шеккен сот шығыстарын өтеу туралы ұйғарым шығарады.
Сот шығыстарын өтеу туралы арыз АПК-нің 109-бабының бесінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қаралады.";
22) мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Сот шығыстарын өндіріп алу бөлігіндегі сот шешімімен келіспеген тарап бұл шешімге жоғары сатыдағы сотқа белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.".
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына қосылады, жалпыға міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Ж. Асанов |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы | |
Сотының судьясы, | |
жалпы отырыстың хатшысы | Г. Әлмағамбетова |