РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!
"2017–2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2017 жылғы 3 сәуірдегі | |
№ 159 қаулысымен | |
бекітілген |
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2017–2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, "2017–2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына сәйкес әзірленді және 099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасының 118 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі – білім беру саласындағы уәкілетті орган;
2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
3) оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастыру – негізгі қызметкердің тілдік курстарда оқуы кезеңінде орта білім беру ұйымының педагог қызметкерінің білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде педагогтік негізделген оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесін ұйымдастыруы;
4) тілдік курстарда оқу – сабақ беру және оқыту сапасын арттыру үшін бұрын игерілген тілдік құзыреттерді ұштауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін педагог кадрлардың біліктілігін арттыру. Тілдік курстардағы оқу ұзақтығын білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
3. Нысаналы трансферттер оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеу үшін пайдаланылады.
2-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
4. Нысаналы трансферттер уәкілетті орган айқындаған еңбек қызметінен қол үзбей оқитын жеке білім беру бағдарламалары бойынша курстарды және тілдік даярлық курстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшерде жарналарды (әлеуметтік салық, МӘСҚ-ға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар) ескере отырып, "Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген) сәйкес тілдік курстардағы барлық оқу түрлері бойынша оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге пайдаланылады.
5. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төмен тұрған бюджеттердің кірісіне нысаналы трансферттерді аударуды:
1) тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес нысаналы трансферттерді уақтылы игермеген немесе бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланған;
2) тиісті жылға бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы ақпаратты бермеген немесе уақтылы бермеген жағдайларда тоқтата тұра алады.
7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
1) жеке қаржыландыру жоспарларына және осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады;
2) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органға облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы тоқсан сайын есеп береді.