2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кейіннен кредиттей отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;
3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етсін.
3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 161 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кейіннен кредиттей отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары
1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1) кредит "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 217 "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ кейіннен кредит беру жолымен, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ арқылы кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 80000000000 (сексен миллиард) теңге сомасында беріледі;
2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,1%-ға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;
3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына кредиттің барлық сомасын біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады;
4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды;
5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 2 (екі) рет жүзеге асырылады (есептелген сыйақының алғашқы төлемі қарыз алушының шотына кредит қаражаты аударылған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі);
6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 6 жылды құрайтын жеңілдік кезеңінің мерзімі өткен соң 2023 жылдан бастап тең үлестермен жүзеге асырады;
7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,15% сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру болып табылады.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру жалпы сомасы 160000000000 (бір жүз алпыс миллиард) теңгеге жүзеге асырылады, оның 80000000000 (сексен миллиард) теңгесі бюджеттік кредит және 80000000000 (сексен миллиард) теңгесі нарықтық қаражат теңге және/немесе шетелдік валюта баламасында. Бұл ретте түпкі қарыз алушы үшін сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 11%-дан жоғары болмауы тиіс.
2. Кредитті беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.