Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 213 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісім
Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ немесе Ұйым) төмендегілер туралы келісті.
1. Үкімет Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (бұдан әрі – ЕББ) бойынша 2017 – 2018 жылдарға арналған ЭЫДҰ Жұмыстар бағдарламасына және Бағдарлама бюджетіне сәйкес 2000000 (екі миллион) евро сомасына ЕББ-ның Жаһандық байланыстар хатшылығының қызметін қаржыландыруға келіседі. ЕББ қызметі Еуразия елдерін ЭЫДҰ саясатының стандарттарына және басқа құралдарына қосылуын көтермелеу, бәсекеге қабілеттілік жолындағы саяси кедергілерді анықтау және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған саясатты әзірлеу және іске асыру саласындағы әлеуетті ұлғайтуды қолдау арқылы Еуразия өңірінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру саясатын әзірлеуді және іске асыруды қолдауды білдіреді.
2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері
1. Қаржыландыру екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) 1000000 (бір миллион) евро мөлшеріндегі бірінші жарна осы Келісімге қол қойылған соң және ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін төленеді;
2) 1000000 (бір миллион) евро мөлшеріндегі екінші жарна ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін 2018 жылғы 30 сәуірден кешіктірілмей төленеді.
2. ЭЫДҰ қаржы регламентіне және басқа да тиісті нормаларға, саясат пен қазіргі уақытта жарнаның жалпы сомасының 5,3% мөлшерінде әкімшілік шығындарды өтеу есебінен алым алуды көздейтін ЭЫДҰ рәсімдеріне сәйкес жарнаға иелік етеді. Аталған шығындар жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес келетін ЭЫДҰ-ның қаржылық есептілігіне енгізілетін болады.
3-бап. Жұмыстар мен есептіліктің сипаттамасы
Үкімет қаржылық есептілік талаптары ЭЫДҰ-да қабылданған стандартты есептілік нысанына сәйкес жасалатын шығыстар туралы жыл сайынғы есептерді ұсыну арқылы сақталатынын мойындайды.
4-бап. Жобаның нәтижелерін пайдалану
1. ЕББ-ны іске асыру жұмысының кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның айрықша меншігінде қалады.
2. Құжаттардың жіктелуіне және жіктеуден шығарылуына қатысты, егер қолданылатын болса, үшінші тараптардың құқықтары, сондай-ақ ЭЫДҰ қағидалары мен саясаты сақталған жағдайда, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне кез келген мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттар үшін ЕББ жарияланымдарының қағаз көшірмелерін пайдалану, көшіру және тарату құқығын береді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық қажетті жағдайларда ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын әрдайым тиісті түрде растауы тиіс.
4. ЭЫДҰ осындай жарияланымның тілі мен нысанына қарамастан, соңғы басылымды бірінші болып жариялау құқығын өзіне қалдырады.
5. ЕББ жұмыстарын іске асыру барысында ЭЫДҰ-ға ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ-ның көрсетілген деректер мен ақпаратты ЕББ бойынша есептер дайындау және ЕББ іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін неғұрлым кеңірек дайындау мақсатында пайдалануға және/немесе қосуға құқығы бар.
Осы Келісімді түсіндірудің, қолданудың немесе орындаудың негізінде немесе соған байланысты туындайтын кез келген даулар, келіспеушіліктер немесе қарама-қайшылықтар, оның ішінде келіссөздер жолымен реттелмейтін оның қолданылуына, заңдылығына немесе бұзылуына қатысты даулар осы Келісім күшіне енген күнге жұмыс істеп тұрған халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің қатысуымен дауларды төрелікте қарау бойынша аралық соттың Тұрақты палатасының Факультативтік қағидаларына сәйкес төрелік сотқа қарауға және түпкілікті шешім шығаруға беруге жатады. Төрелік соттың құрамына бір төреші кіруі тиіс. Төреші Тараптардың келісімі бойынша таңдалады немесе төрелікте талқылау туралы өтініш берілгеннен кейін үш айдың ішінде келісімге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптардың кез келгенінің сұрау салуы бойынша жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес тағайындалады. Төрелік орны Франция, Париж қаласы болып табылады; төрелікте іс қарау ағылшын тілінде жүргізілуі тиіс және Тараптар ұсынатын барлық құжаттар ағылшын тілінде жасалады.
6-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Осы Келісімге Үкімет пен ЭЫДҰ өзара келісуі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
1. Осы Келісім екі Тараптың соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
2. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Қазақша, ағылшынша және орысша мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып табылады.
Қазақстан Республикасының | Экономикалық ынтымақтастық |
Үкіметі үшін | және даму ұйымы үшін |
______________________________ ____________________________ | |
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Андреас Шааль |
Қазақстан Республикасының | Жаһандық сыртқы байланыстар |
Ұлттық экономика министрі | хатшылығының директоры |
_______________________________ | |
Энтони Роттиер | |
Орындаушы директор |