Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республйкасының Премьер-Министрі |
Б.Сағынтаев |
"Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 21-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"АЭА-ның аумағы 319 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";
көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы № Жарлығына ҚОСЫМША |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығымен бекітілген "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге ҚОСЫМША |
"Бурабай" арнайы экономикалық аймағының ЖОСПАРЫ
"Бурабай" АЭА-ның жалпы аумағы = 319 га