"Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 225 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республйкасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев

"Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 21-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "АЭА-ның аумағы 319 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";

      көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 512 Жарлығымен бекітілген
"Бурабай" арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША

"Бурабай" арнайы экономикалық аймағының ЖОСПАРЫ



      "Бурабай" АЭА-ның жалпы аумағы = 319 га

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады