Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
"
5 | "Қалбатау –Майқапшағай" 906-1321 км республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау | 159069200 | 2017 – 2041 |
135208800 мың теңге, | "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | Қытайдың экспорт-импорт банкі |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |