Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 691 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі;

      2) байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптар;

      3) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қаулының 1-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 238 қаулысымен
  бекiтiлген

Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы", "Пошта туралы" заңдарына сәйкес әзірленді және субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсететін операторларды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2021 № 963 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Конкурсты өткізудің мақсаты байланыстың әмбебап қызметтерінің белгіленген тізбесін көрсету үшін әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау болып табылады.

      3. Пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;

      2) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;

      3) байланыс операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2021 № 963 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі

      4. Уәкілетті орган конкурстың ұйымдастырушысы (бұдан әрі –ұйымдастырушы) болады.

      Ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық құжаттаманы, конкурсты өткізу мерзімін және конкурсты өткiзу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру мерзімін бекітеді.

      5. Ұйымдастырушы конкурсты ашық тәсілмен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жылының алдындағы жылдың 4-тоқсанында өткізеді, оған байланыс операторларына қатысуға рұқсат етіледі.

      Байланыс операторы және онымен үлестес тұлғасы конкурсқа бір лот бойынша қатыса алмайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.06.2020 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Конкурсты өткiзу:

      1) заңдылық;

      2) адал бәсекелестiк;

      3) әдiлдiк;

      4) қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң теңдігі қағидаттарына негізделеді.

      7. Конкурсты өткiзу басталғанға дейiн ұйымдастырушы конкурсты өткiзу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын орналастырады.

      8. Хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) байланыс саласындағы уәкілетті органның атауы және орналасқан жері;

      2) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі;

      3) конкурсты өткiзу уақыты, күнi және орны;

      4) әмбебап көрсетілетін қызметтердің тiзбесi;

      5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;

      6) конкурстық құжаттарды алу орны мен тәсiлдерi.

      9. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелерiнен және хатшысынан тұрады. Дауыс беруге комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері қатысады, комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.

      Дауыс беруге құқығы бар конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды (бес адамнан кем емес) құрайды.

      10. Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, конкурстық комиссияның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды.

      11. Конкурстық комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

      Дауыстар тең түскен жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

      12. Конкурстық комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi, оларды белгіленген тәртiппен комиссия хатшысы дайындайды және оған комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері қол қояды.

      13. Ұйымдастырушы байланыс операторларына ұсынатын конкурстық құжаттама:

      1) байланыс операторы әрекет ететін аймақтар бар лоттар тізбесін;

      2) лоттарда көрсетілген жұмыс сипаттамасы туралы техникалық ерекшелікті;

      3) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің құнын субсидиялау туралы жобалық шартты қамтиды.

      14. Байланыс операторы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұраумен, конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша түрде жүгінеді. Ұйымдастырушы сұрау тіркелген сәттен бастап үш күн мерзімде оған жауап береді.

      15. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген байланыс операторы ұсынатын конкурстық өтінім:

      1) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде байланыс операторының банк (банктер) алдында мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқ екендігі туралы банк (банктер) мөрі қойылған бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған банк (банктер) анықтамасының түпнұсқасын (егер байланыс операторы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы (тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы куәландырған электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесін;

      3) байланыс операторы көрсететін байланыстың әмбебап қызметтерінің тізбесіндегі әрбір әмбебап қызмет бойынша негізделген өзіндік құнды;

      4) байланыс операторы көрсететін байланыстың әмбебап қызметтерінің тізбесіндегі әрбір қызмет бойынша нақты және болжамды көлемдерді;

      5) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің негізгі техникалық және пайдалану сипаттамаларының егжей-тегжейлі сипаттамасын;

      6) байланыстың әмбебап қызметтерін тиісінше және үздіксіз көрсетуге қажетті қолда бар ресурстарды қамтиды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.06.2020 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 963 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      16. Конкурстық құжаттамаға қоса берілетін есептеулер мен растайтын материалдар мынадай талаптарға сәйкес жасалады:

      1) конкурс материалдары тігіледі, нөмірленеді және байланыс операторы басшысының мөрімен және қолымен расталады.

      2) қаржылық құжаттарға байланыс операторының басшысы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және байланыс операторының мөрімен расталады.

      17. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды.

      18. Ұйымдастырушы (оның жауапты тұлғасы) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмаған күйінде қабылданбайды және оларды ұсынған байланыс операторларына қайтарылады.

      19. Байланыс операторы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс конкурстық өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрмен бекітіледі және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер ұйымдастырушы оларды конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алса, жарамды болып табылады.

      20. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      21. Тіркелген өтінім кері қайтарып алынған жағдайда, байланыс операторы ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жолдайды.

      22. Байланыс операторының өкілі өзінің байланыс операторы атынан әрекет ету құқығын куәландыратын, ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім беруді жүзеге асырады.

      23. Ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде құжаттарды конкурстық комиссияға жібереді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2020 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық комиссия қатысушы адамдарға мыналарды:

      1) конкурсқа қатысушы байланыс операторларының атауын және орналасқан жерін;

      2) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес сұратылған ақпаратты, егер өзгерістер құжатпен көрсетілсе, конкурстық өтінімдерді кері қайтару және өзгерту туралы ақпаратты;

      3) конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екендігі туралы жариялайды.

      25. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде конкурстық комиссия хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы қол қояды.

      26. Хаттаманың көшірмелері конвертерді ашқан күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурсқа қатысушылардың мекенжайларына жолданады.

      27. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді олардың толықтығы, есептеулерде қателердің, құжаттарда барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ жалпы өтінімдердің ресімделуінің дұрыстығын тексереді.

      28. Конкурстық комиссия 5 жұмыс күні ішінде конкурстық өтінімдерді бағалайды, байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына қойылатын талаптарға сәйкестігін, құжаттардың толықтығын салыстырады және жеңіп шыққан конкурстық өтінімді айқындайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2020 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Конкурстық комиссия дауыс беру арқылы конкурстың жеңімпазын айқындайды. Конкурс нәтижелері бойынша ұйымдастырушы белгілі бір аумақта байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету бойынша жеңіп шыққан оператор туралы бұйрық шығарады. Ұйымдастырушы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына оның конкурстық өтінімінің жеңімпаз деп танылғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      30. Ұйымдастырушы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурстың атауын, жеңімпазын және оның мекенжайын, конкурс жеңімпазы ұсынған субсидиялардың атауы мен мөлшерін көрсете отырып, өз интернет-ресурсында конкурс нәтижелерін жариялау арқылы барлық қатысқан байланыс операторларына хабарлайды.

      Байланыстың әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау туралы шарт конкурс жеңімпазына хабарлағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде, бірақ байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей жасалады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2020 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Байланыстың әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау туралы шарт жасалған сәтінен бастап күшіне енеді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.06.2020 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша туындаған барлық дауды уәкілетті орган қарайды. Дауды қарау нәтижесінде қабылданған уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.

3-тарау. Субсидиялар мөлшерін есептеу

      33. Ауылдық елді мекендерде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін шығындар, егер бұл конкурстың нәтижесімен немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді жүктеу шарттарымен айқындалған болса, субсидиялануға жатады.

      34. Қалаларда байланыстың әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін шығындар субсидияланбайды.

      35. Субсидиялардың мөлшері конкурстың немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді жүктеу шарттары бойынша айқындалады, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген субсидиялардың мөлшерінен аспауға тиіс және шығыстар мен байланыстың шығынды әмбебап қызметтерін көрсетуден түскен нақты кірістердің айырмасы ретінде айқындалады.

4-тарау. Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібі

      36. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, байланыстың әмбебап қызметтерiнің тізбесінен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетудi уәкілетті орган осы аумақта көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша нарықтың ең көп үлесін алып отырған байланыс операторына жүктейдi. Қызметтердің тиісті нарығын талдау негізінде уәкілетті орган байланыс операторының нарықта алатын үлесін айқындайды. Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеуі уәкілетті органның бұйрығы түрінде ресімделеді.

      37. Уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеуі туралы бұйрықтың көшірмесі үш жұмыс күні ішінде байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің құнын субсидиялау туралы шарт жасасу үшін тиісті байланыс операторына жіберіледі.

      38. Уәкілетті орган бұйрық шығарғаннан кейін он жұмыс күні ішінде байланыс операторымен телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген әмбебап байланыстың қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасалады.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 238 қаулысымен
бекiтiлген

Байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына қойылатын талаптар

      Байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі байланыс операторларына мынадай талаптар қойылады:

      1) телекоммуникациялар секторында қызмет көрсету үшін – байланыс операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылардың байланыстың әмбебап қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасына және ұсынылу бағасына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын телекоммуникация желілерінің болуы;

      2) пошта байланысы секторында қызмет көрсету үшін – пошта операторы көрсететін қызметтерді пайдаланушылардың пошта байланысының әмбебап қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасына және ұсынылу бағасына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын пошталық желілердің болуы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 238 қаулысымен
бекітілген

Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2021 № 963 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с № Әмбебап көрсетілетін қызметтердің атауы
1 2

Телекоммуникациялар секторында бекітілген байланыс қызметтерінің тізбесі

1.

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 8 Мбит/с-қа дейінгі жеке қолжетімділік қызметтері

2.

Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с-тан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша жеке қолжетімділік қызметтері

3.

Интернет желісіне жеке қолжетімділік қызметі бойынша субсидияланатын абоненттерді қоспағанда, жергілікті байланыс қызметтері

Пошта байланысы секторында бекітілген байланыс қызметтерінің тізбесі

4.

Тіркелмейтін хатты жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер

5.

Тіркелмейтін пошта карточкасын жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер

6.

Тіркелмейтін бандерольді жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер

7.

Жаздырып алынатын мерзімді баспасөз басылымдарын тарату бойынша көрсетілетін қызметтер

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 238 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету құқығына конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1012 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 36, 482-құжат).

      2. "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 153-құжат).

      3. "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 969 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 759-құжат).

      4. "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 1231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 72-73, 653-құжат).

Об утверждении Правил проведения конкурса по определению операторов универсального обслуживания, включая расчет размера субсидий и порядок возложения уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи, требований к операторам связи по оказанию универсальных услуг связи, перечня универсальных услуг связи и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 238. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2023 года № 691.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.08.2023 № 691 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
Порядок введения в действие настоящего постановления см. п. 3.

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила проведения конкурса по определению операторов универсального обслуживания, включая расчет размера субсидий и порядок возложения уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи;

      2) требования к операторам связи по оказанию универсальных услуг связи;

      3) перечень универсальных услуг связи.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением подпункта 3) пункта 1 постановления, который вводится в действие с 1 января 2017 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 мая 2017 года № 238

Правила

проведения конкурса по определению операторов универсального обслуживания, включая расчет размера субсидий и порядок возложения уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения конкурса по определению операторов универсального обслуживания, включая расчет размера субсидий и порядок возложения уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи (далее – Правила), разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан "О связи", "О почте" и определяют порядок проведения конкурса по определению операторов универсального обслуживания, включая расчет размера субсидий и порядок возложения уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2021 № 963 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Целью проведения конкурса является определение операторов универсального обслуживания для оказания ими установленного перечня универсальных услуг связи.

      3. Используемые основные понятия:

      1) оператор универсального обслуживания – оператор связи, оказывающий услуги связи, на которого в соответствии с законодательством Республики Казахстан возложена обязанность по оказанию универсальных услуг связи;

      2) универсальные услуги связи – минимальный перечень услуг связи, который закреплен в секторе телекоммуникаций и почтовой связи, разрабатываемый уполномоченным органом и утверждаемый Правительством Республики Казахстан, оказание которых любому пользователю услуг связи в любом населенном пункте в заданный срок с установленным качеством и уровнем цен, обеспечивающих доступность этих услуг, является обязательным для операторов универсального обслуживания;

      3) оператор связи – физическое или юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан, оказывающее услуги связи и (или) эксплуатирующее сети связи;

      4) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, определяемый Правительством Республики Казахстан, осуществляющий реализацию государственной политики в области связи, государственный контроль, координацию и регулирование деятельности лиц, предоставляющих услуги в области связи или пользующихся ими.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 30.12.2021 № 963 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок проведения конкурса по определению операторов универсального обслуживания

      4. Организатором конкурса выступает уполномоченный орган (далее – организатор).

      Организатор утверждает состав конкурсной комиссии, конкурсную документацию, сроки проведения конкурса и срок размещения объявления о проведении конкурса в средствах массовой информации.

      5. Конкурс проводится организатором открытым способом в 4 квартале года, предшествующего году оказания универсальных услуг связи, к участию к которому допускаются операторы связи.

      Оператор связи и его аффилированное лицо не могут участвовать в конкурсе по одному лоту.

      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.06.2020 № 371 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Проведение конкурса основывается на принципах:

      1) законности;

      2) добросовестной конкуренции;

      3) справедливости;

      4) равенства прав и законных интересов участников.

      7. До начала проведения конкурса организатор ежегодно размещает объявление о проведении конкурса в средствах массовой информации.

      8. Объявление включает в себя следующие сведения:

      1) наименование и местонахождение уполномоченного органа в области связи;

      2) окончательный срок представления конкурсных заявок;

      3) время, дату и место проведения конкурса;

      4) перечень универсальных услуг;

      5) перечень необходимых документов для участия в конкурсе;

      6) место и способы получения конкурсных документов.

      9. Конкурсная комиссия состоит из председателя, заместителя председателя, членов и секретаря комиссии. В голосовании участвуют председатель, заместитель председателя и члены комиссии, секретарь комиссии не имеет право голоса.

      Общее количество членов конкурсной комиссии, имеющих право голосования, составляет нечетное число (не менее пяти человек).

      10. Председатель конкурсной комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях конкурсной комиссии, планирует ее работу и осуществляет общий контроль над реализацией ее решений.

      Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      11. Решения конкурсной комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов конкурсной комиссии.

      В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель комиссии.

      12. Решения конкурсной комиссии оформляются протоколами, которые в установленном порядке подготавливаются секретарем комиссии и подписываются председателем, заместителем председателя и членами комиссии.

      13. Конкурсная документация, представляемая организатором операторам связи, содержит:

      1) перечень лотов с зонами действия оператора связи;

      2) техническую спецификацию об описании работ, указанных в лотах;

      3) проект договора о субсидировании стоимости универсальных услуг связи.

      14. Оператор связи обращается письменно с запросом о разъяснении положений конкурсной документации, но не позднее десяти календарных дней до истечения окончательного срока представления конкурсных заявок. Организатор в трехдневный срок с момента регистрации запроса отвечает на него.

      15. Конкурсная заявка, представляемая оператором связи, изъявившим желание участвовать в конкурсе, содержит:

      1) оригинал справки банка (банков) об отсутствии просроченной задолженности оператора связи более чем за три месяца, предшествующие дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками, перед банком (банками) (в случае, если оператор связи является клиентом нескольких банков второго уровня или филиалов, а так же иностранного банка, данная справка представляется от каждого из таких банков) за подписью первого руководителя или лица, его замещающего, с печатью банка (банков);

      2) бумажную копию электронного документа (справки установленной формы соответствующего налогового органа) об отсутствии или наличии налоговой задолженности, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам, отчислениям и (или) взносам на обязательное социальное медицинское страхование и социальным отчислениям более чем за три месяца, предшествующие дате вскрытия конвертов с конкурсными заявками, за исключением случаев, когда срок уплаты отсрочен в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", удостоверенную Государственной корпорацией "Правительство для граждан";

      3) обоснованную себестоимость по каждой универсальной услуге из перечня универсальных услуг связи, которые будет оказывать оператор связи;

      4) фактические и прогнозные объемы по каждой из услуг из перечня универсальных услуг связи, которые будет оказывать оператор связи;

      5) подробное описание основных технических и эксплуатационных характеристик оказываемых ими универсальных услуг связи;

      6) имеющиеся ресурсы, необходимые для надлежащего и непрерывного оказания универсальных услуг связи.

      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 11.06.2020 № 371 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 30.12.2021 № 963 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Прилагаемые к конкурсной документации расчеты и подтверждающие материалы составляются в соответствии со следующими требованиями:

      1) материалы конкурса прошиваются, пронумеровываются и заверяются печатью и подписью руководителя оператора связи;

      2) финансовые документы подписываются руководителем и главным бухгалтером оператора связи либо лицами, замещающими их, и заверяются печатью оператора связи.

      17. Срок представления конкурсных заявок составляет 30 календарных дней с момента опубликования объявления.

      18. Все конкурсные заявки, полученные организатором (его ответственным лицом) после истечения срока представления конкурсных заявок, не вскрывая отклоняются и возвращаются представившим их операторам связи.

      19. Оператор связи может изменить или отозвать свою конкурсную заявку до истечения срока представления конкурсных заявок. Изменение подготавливается, запечатывается и представляется так же, как и сама конкурсная заявка. Такие изменение или уведомление об отзыве являются действительными, если они получены организатором до истечения окончательного срока представления конкурсных заявок.

      20. Изменения в конкурсные заявки после истечения срока представления конкурсных заявок не допускаются.

      21. В случае отзыва зарегистрированной заявки, оператор связи направляет письменное уведомление организатору.

      22. Подача заявки на участие в конкурсе осуществляется представителем оператора связи при предъявлении оформленной доверенности, удостоверяющей его право действовать от имени оператора связи.

      23. Организатор в течение 5 календарных дней со дня окончания срока представления конкурсных заявок передает документы конкурсной комиссии.

      Сноска. Пункт 23 в редакции постановления Правительства РК от 11.06.2020 № 371 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      24. При вскрытии конвертов с конкурсными заявками конкурсная комиссия объявляет присутствующим лицам:

      1) наименования и местонахождение операторов связи, участвующих в конкурсе;

      2) запрашиваемую ими информацию согласно пункту 14 настоящих Правил, информацию об отзыве и изменении конкурсных заявок, если они отражены документально;

      3) о наличии или отсутствии документов, составляющих конкурсную заявку.

      25. При вскрытии конвертов с конкурсными заявками секретарь конкурсной комиссии составляет протокол вскрытия, который подписывается председателем конкурсной комиссии, его заместителем, членами и секретарем конкурсной комиссии.

      26. Копии протокола направляются в срок не позднее двух рабочих дней со дня вскрытия конвертов в адрес участников конкурса.

      27. Конкурсная комиссия изучает конкурсные заявки на предмет их полноты, наличия ошибок в расчетах, всех подписей на документах, а также проверяет правильность оформления заявок в целом.

      28. Конкурсная комиссия в течение 5 рабочих дней оценивает, сопоставляет конкурсные заявки на соответствие требованиям к операторам связи по оказанию универсальных услуг связи, полноты документов и определяет выигравшую конкурсную заявку.

      Сноска. Пункт 28 в редакции постановления Правительства РК от 11.06.2020 № 371 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      29. Конкурсная комиссия путем голосования определяет победителя конкурса. По результатам конкурса организатором издается приказ о выигравшем операторе по оказанию универсальных услуг связи на определенной территории. В течение трех рабочих дней со дня подведения итогов конкурса организатор письменно уведомляет победителя конкурса о том, что его конкурсная заявка признана выигравшей.

      30. Организатор в течение трех рабочих дней со дня подведения итогов конкурса извещает всех принявших участие операторов связи путем опубликования на собственном интернет-ресурсе результатов конкурса с указанием его названия, победителя и его адреса, наименования и размера субсидий, предложенного победителем конкурса.

      Договор о субсидировании стоимости универсальных услуг связи заключается в течение 10 рабочих дней после извещения победителя конкурса, но не позднее 31 декабря года, предшествующего году оказания универсальных услуг связи.

      Сноска. Пункт 30 в редакции постановления Правительства РК от 11.06.2020 № 371 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      31. Договор о субсидировании стоимости универсальных услуг связи вступает в силу с момента заключения договора.

      Сноска. Пункт 31 в редакции постановления Правительства РК от 11.06.2020 № 371 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      32. Все споры, возникшие по результатам проведенного конкурса, рассматриваются уполномоченным органом. Решение уполномоченного органа, принятое по результатам рассмотрения спора, может быть обжаловано в судебном порядке в соответствии с гражданским процессуальным законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Расчет размера субсидий

      33. Убытки за оказание универсальных услуг связи в сельских населенных пунктах подлежат субсидированию, если это было определено результатами конкурса или условиями возложения обязательств по предоставлению универсальных услуг связи на оператора связи.

      34. Убытки за оказание универсальных услуг связи в городах не субсидируются.

      35. Размер субсидий определяется по условиям конкурса или возложения обязательств по предоставлению универсальных услуг связи на оператора связи, не может превышать размера субсидий, предусмотренного в республиканском бюджете на соответствующий финансовый год, и определяется как разность между расходами и фактическими доходами от оказания убыточных универсальных услуг связи.

Глава 4. Порядок возложения уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи

      36. В случаях отсутствия заявок на участие в конкурсе или невозможности выявления победителя, оказание универсальных услуг связи из перечня универсальных услуг связи возлагается уполномоченным органом на оператора связи, занимающего наибольшую долю рынка по данным видам услуг на этой территории. Доля рынка, занимаемая оператором связи, определяется уполномоченным органом на основании анализа соответствующего рынка услуг. Возложение уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи оформляется в виде приказа уполномоченного органа.

      37. Копия приказа о возложении уполномоченным органом обязанности по оказанию универсальных услуг на операторов связи в течение трех рабочих дней направляется соответствующему оператору связи для заключения договора о субсидировании стоимости универсальных услуг связи.

      38. В течение десяти рабочих дней после издания уполномоченным органом приказа заключается договор с оператором связи на оказание универсальных услуг связи, закрепленных в секторе телекоммуникаций и почтовой связи.

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 мая 2017 года № 238

Требования к операторам связи по оказанию универсальных услуг связи

      К операторам связи по оказанию универсальных услуг связи предъявляются следующие требования:

      1) для оказания услуг в секторе телекоммуникаций – наличие сети телекоммуникаций, удовлетворяющей потребности пользователей услуг оператора связи в доступности, качестве и цене предоставления универсальных услуг связи;

      2) для оказания услуг в секторе почтовой связи – наличие почтовой сети, удовлетворяющей потребности пользователей услуг оператора почты в доступности, качестве и цене предоставления универсальных услуг почтовой связи.

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 мая 2017 года № 238

Перечень универсальных услуг связи

      Сноска. Перечень - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2021 № 963 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование универсальных услуг

1

2

Перечень услуг связи, закрепленный в секторе телекоммуникаций

1.

Услуги индивидуального доступа к сети Интернет со скоростью соединения от 2 Мбит/с до 8 Мбит/с

2.

Услуги индивидуального доступа к сети Интернет по технологии волоконно-оптических линий связи со скоростью соединения более 8 Мбит/с

3.

Услуги местной телефонной связи, за исключением абонентов, субсидируемых по услуге индивидуального доступа к сети Интернет

Перечень услуг связи, закрепленный в секторе почтовой связи

4.

Услуги по пересылке нерегистрируемого письма

5.

Услуги по пересылке нерегистрируемой почтовой карточки

6.

Услуги по пересылке нерегистрируемой бандероли

7.

Услуги по распространению периодических печатных изданий по подписке

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 2 мая 2017 года № 238

Перечень
утративших силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2004 года № 1012 "Об утверждении Правил проведения конкурса на право оказания универсальных услуг телекоммуникаций" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 36, ст. 482).

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2009 года № 451 "Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникации и Правил субсидирования стоимости универсальных услуг телекоммуникации" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 17, ст. 153).

      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 2013 года № 969 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2009 года № 451 "Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций и Правил субсидирования стоимости универсальных услуг телекоммуникаций" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 54, ст. 759).

      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 2014 года № 1231 "О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2009 года № 451 "Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций и Правил субсидирования стоимости универсальных услуг телекоммуникаций" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 72-73, ст. 653).