"Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 253 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне Қарыз алу туралы келісімді жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 180000000 (бір жүз сексен миллион) АҚШ долларына дейін баламалы сомада Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде "Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау" жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О предоставлении государственной гарантии по проекту "Реконструкция водохозяйственных и гидромелиоративных систем Актюбинской, Жамбылской и Южно-Казахстанской областей"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 мая 2017 года № 253

      В соответствии со статьей 215 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке предоставить Европейскому Банку Реконструкции и Развития государственную гарантию Республики Казахстан по проекту "Реконструкция водохозяйственных и гидромелиоративных систем Актюбинской, Жамбылской и Южно-Казахстанской областей" в качестве обеспечения обязательств республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казводхоз" Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан по привлекаемому займу на сумму, эквивалентную до 180000000 (сто восемьдесят миллионов) долларов США по рыночному курсу обмена валют на день заключения Соглашения о займе.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан Б. Сагинтаев