Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 461-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 6-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-1-жолмен толықтырылсын:
"
127-1 | Табиғи монополиялар туралы (жаңа редакция) | ҰЭМ | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан | С.М. Жұманғарин |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |