Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына білім беру ұйымдарына халықаралық мектеп мәртебесі берілсін:
1) "Алматы Халықаралық Мектебі" мекемесі;
2) "Алматы Халықаралық Мектебі" мекемесінің "Халықаралық Мектебі Астана қаласындағы" филиалы;
3) "Алматы Халықаралық Мектебі" мекемесінің "Халықаралық Мектебі Атырау қаласындағы" филиалы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |