2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына және "Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 3 ақпандағы № 34 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштеріне түзету жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы қаулыға қол қойылған кезден бастап бір ай мерзімде стратегиялық жоспарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 323 қаулысына қосымша |
2017 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы
мың теңге
Функционалдық топ | Атауы |
Өзгерістер | ||
Әкімші | ||||
Бағдарлама | ||||
І. Шығындар | 0 | |||
3 | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | |||
221 | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | |||
002 | Сот сараптамаларын жүргізу | - 2 429 404 | ||
062 | Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар бойынша қызметтер | - 3 375 174 | ||
065 | Сот сараптамалары бойынша қызметтер | + 5 804 578 |