"Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 338 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 775 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларында, оны қолдану ерекшеліктерінде, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарында, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерде, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізілетін және Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі осы қағидалардың осы тармағында және 34-тармағында – "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесі) ұйымдастыруға және өткізуге арналған шетелдік тауарлар "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесі өтетін Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) мемлекеттік кірістер органына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың нысаналы мақсаты туралы, ұйымдастырылуы және өткізілуі үшін осы тауарлар пайдаланылатын іс-шараларды, тауарлардың атауы, саны мен құны, осындай тауарларды алып жүретін тұлға туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай тауарлардың декларанты туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген және арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделген тауарларға қатысты Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағына сәйкес тауарлар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) ұсына отырып, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалануға болады.

      Арнайы кедендік рәсімді аяқтау мақсатында кері экспорт, мемлекеттің пайдасына бас тарту және жою кедендік рәсімдерімен мәлімделетін тауарларға қатысты, егер бұдан бұрын осындай тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастыру кезінде тізбені қолдана отырып декларацияланған болса, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды пайдалануға болады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін өткізу аяқталған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімге арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады және оларды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мақсаттары үшін ғана пайдалануға болады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сатуды не өзге де тәсілмен оқшаулауды, осы тауарларды жалға беруді және осы тауарларды пайдаланып ақылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, қандай да бір коммерциялық қызмет үшін пайдалануға жол берілмейді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июля 2015 года № 522 "Об утверждении Правил применения специальной таможенной процедуры, особенностей ее применения, условий помещения товаров под специальную таможенную процедуру, ограничений по пользованию и распоряжению товарами, способов и порядка завершения действия специальной таможенной процедуры, а также перечня лиц, правомочных помещать под такую таможенную процедуру товары, ввозимые на территорию Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2017 года № 338. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 ноября 2018 года № 775 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 16.11.2018 № 775 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июля 2015 года № 522 "Об утверждении Правил применения специальной таможенной процедуры, особенностей ее применения, условий помещения товаров под специальную таможенную процедуру, ограничений по пользованию и распоряжению товарами, способов и порядка завершения действия специальной таможенной процедуры, а также перечня лиц, правомочных помещать под такую таможенную процедуру товары, ввозимые на территорию Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 14, ст. 171) следующее изменение:

      в Правилах применения специальной таможенной процедуры, особенностях ее применения, условиях помещения товаров под специальную таможенную процедуру, ограничениях по пользованию и распоряжению товарами, способах и порядке завершения действия специальной таможенной процедуры, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Иностранные товары, перемещаемые через таможенную границу Таможенного союза и предназначенные для организации и проведения Международной специализированной выставки "ЭКСПО-2017" в городе Астане (Республика Казахстан) (далее в настоящем пункте и пункте 34 настоящих Правил - специализированная выставка "ЭКСПО-2017"), помещаются под специальную таможенную процедуру на территории государства-члена Таможенного союза, в котором проводится специализированная выставка "ЭКСПО-2017", без уплаты таможенных пошлин, налогов, а также без применения мер нетарифного и технического регулирования.

      Условием помещения указанных в части первой настоящего пункта товаров под специальную таможенную процедуру является представление в орган государственных доходов акционерным обществом "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" (далее – уполномоченная организация) письменного подтверждения о целевом назначении указанных в части первой настоящего пункта товаров с указанием мероприятий, для организации и проведения которых они предназначены, наименования, количества и стоимости товаров, сведений о лице, перемещающем такие товары, а также сведений о декларанте таких товаров.

      В отношении товаров, указанных в части первой настоящего пункта и заявляемых под специальную таможенную процедуру, в качестве декларации на товары могут использоваться транспортные (перевозочные), коммерческие и (или) иные документы с предоставлением перечня товаров в соответствии с пунктом 12 Инструкции о порядке использования транспортных (перевозочных), коммерческих и (или) иных документов в качестве декларации на товары, утвержденной решением Комиссии Таможенного союза от 20 мая 2010 года № 263 (далее – перечень).

      В целях завершения специальной таможенной процедуры, в отношении товаров, заявляемых под таможенные процедуры реэкспорта, отказа в пользу государства и уничтожения, также могут использоваться транспортные (перевозочные), коммерческие и (или) иные документы, если ранее такие товары при помещении под специальную таможенную процедуру декларировались с использованием перечня.

      Указанные в части первой настоящего пункта товары помещаются под специальную таможенную процедуру на срок, не превышающий 6 месяцев с даты окончания проведения специализированной выставки "ЭКСПО-2017", и могут использоваться в пределах территории Республики Казахстан исключительно для целей организации и проведения специализированной выставки "ЭКСПО-2017".

      Не допускается использование указанных в части первой настоящего пункта товаров, помещенных под специальную таможенную процедуру, для какой-либо коммерческой деятельности, включая их реализацию либо отчуждение иным способом, предоставление данных товаров в аренду и оказание платных услуг с использованием таких товаров.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев