Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидаларын, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 522 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 775 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы

      30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 419-бабына және "Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі және оларды сондай кедендік рәсімге орналастыру шарттары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуының аяқталу тәсілдері мен тәртібі;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға құқылы тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 522 қаулысымен
бекітілген

Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы кедендік рәсімді қолдану қағидалары, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 419-бабына және "Арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі және оларды сондай кедендік рәсімге орналастыру шарттары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешіміне (бұдан әрі – КОК № 329 шешімі) сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібін, оны қолдану ерекшеліктерін, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын, тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерді, арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда уәкілетті мемлекеттік кіріс органы (бұдан әрі – мемлекеттік кіріс органы) деп өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган түсініледі.

2. Арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібі, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары

      4. Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар осы Қағидаларда және КОК № 329 шешімінде белгіленген оларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарына сәйкес қолданылады.

      5. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде елшіліктердің, консулдықтар мен Кеден одағына мүше мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарлар кедендік әкету баждар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Елшіліктердің, консулдықтардың және басқа ресми өкілдіктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына тауарлар елшіліктердің, консулдықтардың және Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналғандығы туралы осындай тауарлардың атауы мен саны қамтылған тізбемен қоса, жазбаша растаманы ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының аумағында және осы аумақтан тыс жерлерде орналасқан, олардың әскери дайындығын сақтау, олардың алға қойылған міндеттерін орындауы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында орны ауыстырылатын әскери бөлімдері (мекемелері, құралымдары) арасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрілер мен материалдық құралдар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ шектеулер мен тыйымдар қолданылмай арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Қорғаныс саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік кіріс органына жазбаша растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      7. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және табиғи зілзала мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға арналған тауарлар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегін үлестіруіне арналған тауарлар және апаттық-құтқару жұмыстары мен басқа шұғыл жұмыстар және құзыретіне төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою, медициналық эвакуациялауды қоса алғанда, медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету саласындағы мәселелерді шешу кіретін апаттық-құтқару жасақтарының, медициналық қызметтер мен ұйымдардың тұрмыс-тіршілігі үшін қажет тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға мынадай шарттар сақталған кезде жол беріледі:

      1) төтенше жағдайлар және (немесе) денсаулық сақтау саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органның өткізілетін тауарлардың табиғи зілзала мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға, төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегін үлестіруге арналғаны, сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстары мен басқа шұғыл жұмыстар және құзыретіне төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою, медициналық эвакуациялауды қоса алғанда, медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету саласындағы мәселелерді шешу кіретін, осындай тауарлардың атауы мен саны қамтылған тауарлар тізбесімен қоса, апаттық-құтқару жасақтарының, медициналық қызметтер мен ұйымдардың тұрмыс-тіршілігі үшін қажет екендігі туралы жазбаша растаманы мемлекеттік кіріс органына ұсынуы;

      2) төтенше жағдайлар және (немесе) денсаулық сақтау саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік орган не оның жүйесіне кіретін және ол уәкілеттік берген органдар және (немесе) ұйымдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың декларанты болып табылады.

      8. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Қазақстан Республикасының мүддесінде Қазақстан Республикасы тұлғаларының коммерциялық емес негізде Арктика мен Антарктидада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ғылыми-зерттеу экспедицияларының қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Тиісті зерттеулерді жүргізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына тауарлардың Қазақстан Республикасының мүддесінде коммерциялық емес негізде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу экспедициясының қызметін қамтамасыз етуге арналғаны туралы растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      9. Жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілетін, кедендік уақытша әкелу (өткізу) рәсімімен орналастырылған және осындай жөндеуден және (немесе) техникалық қызмет көрсетілгеннен кейін қайтадан әкелінген шетелдік тауарлар кедендік баждар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Күрделі жөндеу және (немесе) жаңғырту мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілетін, кедендік уақытша әкелу (өткізу) рәсімімен орналастырылған және осындай күрделі жөндеуден және (немесе) жаңғыртылғаннан кейін қайтадан әкелінетін шетелдік тауарлар тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендік баждар және күрделі жөндеу және (немесе) жаңғырту құнынан кедендік баждар мен салықтар төлеу арқылы арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Егер осындай жаңғыртудың нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың сыныптау коды өзгерсе, жаңғырту мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілген, уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылмайды.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тауарлар оларды тасымалдау мерзімдері ескеріле отырып, 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсімімен орналастырған кезде мемлекеттік кіріс органымен келісілген, кейін сәйкестендіру тәсілі (тәсілдері) бойынша арнайы кедендік рәсім аяқталған кезде осы кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      10. Шет мемлекеттер мен Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін дипломатиялық поштасы мен консулдық вализасы кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Мыналар:

      1) мемлекеттік кіріс органына курьер парағын не мәртебесі мен дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын орын санын көрсете отырып, оны ауыстыратын ресми құжатты ұсыну. Бұл ретте кедендік декларация мен өзге де құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

      2) дипломатиялық поштаны құрайтын орындарда өткізілетін тауарлардың тиісті сипатына нұсқайтын сыртқы көрінетін белгілердің болуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      Дипломатиялық пошта мен консулдық вализа арнайы кедендік рәсіммен орналастырылғаннан кейін мемлекеттік кіріс органының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды әкету туралы белгісі бар курьерлік парақ немесе оны ауыстыратын өзге ресми құжат осы құжаттарды ұсынған тұлғаға қайтарылады, ал осы құжаттардың көшірмесі осы тауарларды өткізген мемлекеттік кіріс органында қалады.

      11. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және допинг-бақылау мақсаттарына арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тыйымдар мен шектеулер қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санатына мынадай тауарлар жатады:

      1) допинг-бақылау мақсаттарына арналған биологиялық сұйықтықтардың үлгілерін тасымалдауға арналған құралды білдіретін:

      ішінде әрқайсысының көлемі 3 немесе 5 мл түтіктері бар, тығындармен саңылаусыз жабылған әрқайсысының көлемі 20 мл 1 немесе 2 флаконнан тұратын. Лазер арқылы кодтық нөмірлер салынған флакондар қызғылт сары (А сынамасы) немесе көк (Б сынамасы) түспен немесе әріп белгісі жоқ қара түспен таңбаланған және пенопласт немесе картон контейнерге (өлшемі – 170х140х80 мм) салынған. Флакондар салынған контейнерлер қан тасымалдауға арналған, көлемі 20 литрге дейінгі, ілмектермен тығыз жабылатын қақпағы бар, мата немесе пластиктен жасалған боксты білдіретін тоңазытқыш-сөмкеге салынған;

      лазер арқылы кодтық нөмірлер салынған флакондар қызғылт сары А сынамасы) немесе көк (Б сынамасы) түспен таңбаланған және пенопласт немесе картон контейнерге (өлшемі – 170х140х80 мм) салынған, несеп тасымалдауға арналған әрқайсысының көлемі 110 мл құрайтын, 1 немесе 2 саңылаусыз тығындалған флакондардан тұратын жабдық;

      2) Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік аккредиттеген зертханада жабдықтың құрамындағы биологиялық сұйықтықтардың үлгілерін білдіретін, спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялардың болуына одан әрі диагностикалық зерттеуге арналған сынамалар жатады.

      Бұл ретте биологиялық сұйықтықтың үлгілері допинг-бақылау өткізу шеңберінде спортшының ағзасынан және (немесе) жануардың ағзасынан алынған қанды және (немесе) несепті білдіреді.

      Мемлекеттік кіріс органына жеке басын куәландыратын құжатты, допинг-бақылау инспекторының куәлігін және спортшының ағзасынан және (немесе) жануардың ағзасынан сынамаларды алуға, сондай-ақ сынамаларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкетуге тұлғаның өкілеттігін растайтын Қазақстан Республикасының допингке қарсы уәкілетті ұйымының хатын (орыс және ағылшын тілдерінде) ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады. Арнайы кедендік рәсім допинг-бақылау инспекторының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі үшін ресімделген визаның қолданылу мерзімі ішінде қолданылуы мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырғаннан кейін осындай құжаттардың көшірмелері осы тауарларды шығарған мемлекеттік кіріс органында қалады.

      12. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және коммерциялық емес негізде Қазақстан Республикасының мүддесінде спорт түрлері бойынша ұлттық және құрама командаларға кандидаттарымен осындай командалардың мүшелеріне емдеу және қалпына келтіру іс-шараларын өткізуге арналған, сондай-ақ жоғары жетістіктер спорты саласындағы ғылыми-зерттеу топтарының, Қазақстан Республикасының жұмылдырылған министрліктерінің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған шетелдік тауарлар (дәрілік препараттар (дәрілік заттар), арнайы спорттық тағам, тағамға биологиялық белсенді қоспалар) кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ Кеден одағының заңнамасына сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулер қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Тиісті зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының мүддесінде ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қалпына келтіру-емдеу іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жұмылдырылған министрліктерінің ғылыми-зерттеу қызметтерін қамтамасыз етуге арналғаны туралы жазбаша растаманы ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу, сондай-ақ арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      13. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (өткізілген) спорт саймандары мен жабдықтар, ресми халықаралық спорттық іс-шараларды (бұдан әрі – спорттық іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде қолдануға арналған басқа тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санатына мына тауарлар жатады:

      1) спорт саймандары мен жабдықтары – киім-кешек (форма), аяқ киім, спорт құрылыстарын жабдықтауға арналған әртүрлі спорт құралдары, аспаптар, құрылғылар, құрал-саймандар мен жарыстарға қызмет көрсетуге арналған құрал-саймандар мен аппаратура, төрелік-ақпараттық және медициналық-биологиялық аппаратура, спорттық құрылыстарға қызмет көрсетуге арналған арнайы техника, жекелеген спорт түрлері бойынша пайдаланылуы жарыстың ережелерінде қарастырылған механикалық және электрондық құралдар, оның ішінде спортпен шұғылдану үшін арнайы дайындалған жарысқа арналған автокөлік құралдары;

      2) өзге тауарлар – спорттық іс-шараларды ұйымдастырған және өткізген кезде ғана пайдалануға арналған, оның ішінде марапаттау, спорттық іс-шараны ашу және жабу салтанатында пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізу барысында берілетін марапаттау атрибуттары.

      Құзыретіне спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жататын уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі осы Қағидалардың осы тармағында және 29-тармағында – уәкілетті орган) мемлекеттік кіріс органына осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тауарлардың мақсатты қолданылуы, ұйымдастырылуы мен өткізілуіне осы тауарлар арналған спорттық іс-шаралардың атауы, тауарлардың атауы мен саны, осындай тауарларды әкеліп-әкететін тұлға туралы мәліметтер, сондай-ақ арнайы кедендік рәсімге сәйкес осындай тауарлардың декларанты туралы мәліметтер көрсетілген жазбаша растаманы (бұдан әрі осы тармақта – жазбаша растама) ұсыну осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар уәкілетті органы жазбаша растама берген Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында ұйымдастыру және өткізу үшін осы тауарлар арналған спорттық іс-шаралар аяқталған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады және аумағында осындай іс-шаралар өткізілетін мемлекетте аталмыш іс-шараны ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылуы мүмкін.

      Осы тармақта, соңдай-ақ осы Қағидалардың осы тармағы мен 24 және 29-тармақтарында белгіленген ережелер осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған тауарлардың санаттары үшін қолданылмайды.

      14. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тыс орналасқан және Кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша юрисдикциясына ие және аталған объектілерді салу (жасау, жабдықтау) үшін арналған, сондай-ақ осы объектілерді тиісті аумақтарда орналастыруға және олардың қызметін (қолдану, пайдалану) қамтамасыз етуге арналған жасанды арал, қондырғы, құрылыс немесе басқа жабдықтар (бұдан әрі – объектілер) кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тыйымдар мен шектеулер қолданылмай тиісті аймақтарда арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалардың кен орнын әзірлеу немесе салу (жасау, жабдықтау) зерттеу және объектілерді пайдалануды зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алған тұлғадан осы тауарларды осындай объектілерді салу (жасау, жабдықтау) мақсатында, осы объектілердің тиісті аумақтарда қызметі етуі мен өміршеңдігі туралы ерікті түрде құрастырылған міндеттемелерді осындай тауарлардың атауы, саны туралы мәліметтер, сондай-ақ коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес олардың құны келтірілген тауарлар тізілімін қоса тапсыру осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлармен кедендік операциялар Кеден одағының кедендік аумағынан шығатын жерлерде жасалады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырған кезде шетелдік тауарлар мәртебесі сақталады.

      Жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалардың кен орындарын әзірлеу немесе салу (жасау, жабдықтау) және объектілерді пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығы өзге тұлғаларға берілген жағдайда, соңдай-ақ арнайы кедендік рәсімге сәйкес осындай тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органына хабарлау шартымен мұндай тұлғаларға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды табыстауға жол беріледі.

      Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар берілген тұлға көрсетілген тауарлар берілген кезден бастап оларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің шарттарын сақтауға жауапты болады.

      15. Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде ғарыш аппараттарын іске қосу қызметтерін көрсету шеңберінде пайдалануға арналған және Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 727 шешімімен бекітілген "Ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде ғарыш аппараттарын іске қосу қызметтерін көрсету шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар тізбесінде" көрсетілген тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тыйымдар мен шектеулер қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Ғарыш аппараттарын іске қосуды жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органына ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі осы Қағидалардың осы тармағында және 31-тармағында – уәкілетті орган) ғарыш алаңын зерттеу және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық ауқымында пайдалануға арналған тауарлардың мақсатты тағайындалуы туралы, сонымен қатар Кодекстің 284-бабына сәйкес осындай тауарлардың декларанты болып табылатын және мекенжайына осындай тауарлар жөнелтілетін ұйымның атауын көрсету арқылы ғарыш аппараттарын іске қосу жөніндегі қызмет туралы, Кеден одағының кедендік аумағына әкелудің жоспарланған мерзімі және ғарыш аппараттарын іске қосу мерзімдері, тауарлардың тізілімі, тауарлардың атауы, саны олардың АҚШ долларымен көрсетілген статистикалық құны туралы растаманы (бұдан әрі осы Қағидалардың осы тармағында және 31-тармағында – нысаналы мақсаты туралы растаманы) ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар уәкілетті органға нысаналы мақсаты туралы растама берілген Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      16. Кеден одағының кедендік шекарасынан өткізілетін және Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі осы қағидалардың осы тармағында және 34-тармағында – "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесі) ұйымдастыруға және өткізуге арналған шетелдік тауарлар "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесі өтетін Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес және техникалық реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) мемлекеттік кірістер органына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың нысаналы мақсаты туралы, ұйымдастырылуы және өткізілуі үшін осы тауарлар пайдаланылатын іс-шараларды, тауарлардың атауы, саны мен құны, осындай тауарларды алып жүретін тұлға туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай тауарлардың декларанты туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген және арнайы кедендік рәсіммен орналастыруға мәлімделген тауарларға қатысты Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағына сәйкес тауарлар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) ұсына отырып, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалануға болады.

      Арнайы кедендік рәсімді аяқтау мақсатында кері экспорт, мемлекеттің пайдасына бас тарту және жою кедендік рәсімдерімен мәлімделетін тауарларға қатысты, егер бұдан бұрын осындай тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастыру кезінде тізбені қолдана отырып декларацияланған болса, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге құжаттарды пайдалануға болады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін өткізу аяқталған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімге арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады және оларды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мақсаттары үшін ғана пайдалануға болады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сатуды не өзге де тәсілмен оқшаулауды, осы тауарларды жалға беруді және осы тауарларды пайдаланып ақылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, қандай да бір коммерциялық қызмет үшін пайдалануға жол берілмейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.06.2017 № 338 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. Тіркелмеген дәрілік заттар, адамның қаны мен оның компоненттері, нақты емделушінің өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету үшін және (немесе) туыс емес трансплантацияны жүргізуге арналған адам ағзасының мүшелері және (немесе) тіндері, оның ішінде гемопоэздік дің жасушалары және (немесе) жілік майы кедендік баждар, салықтар төленбей, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.

      Мемлекеттік кіріс органына Кеден одағының кедендік аумағына осындай тауарларды әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындыны (рұқсат құжатын) немесе лицензияны ұсыну осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.

      18. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған спорт мүкәммалы, спорттық киім, спорттық киім-кешектер, азық-түлік, дәрі-дәрмек құралдары, спорттық қаруға арналған патрондар, шығыс материалдары олардың әдеттегі мақсаттарына сәйкес тұтынылады немесе жұмсалады.

      19. Қажеттілігіне қарай арнайы кедендік рәсімге орналастырылған каталогтар, брошюралар, афишалар мен кез келген басқа иллюстрацияланған немесе иллюстрацияланбаған басылымдар, жарнамалық, маркетингтік және өзге коммерциялық мақсаттарға тегін таратылады.

      20. "Азаматтық жолаушылар ұшақтарын әкелу кезінде тарифтік жеңілдіктер қолдану, кедендік баждардан, салықтардан толық босату, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімін ұзарту және жекелеген кедендік рәсімдерді қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 328 шешімінің (бұдан әрі – КОК № 328 шешімі) 6-тармағында айқындалған тәсіл (тәсілдер) бойынша арнайы кедендік рәсім аяқталған кезде осы кедендік рәсімге орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі уақытша әкелінген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастырудың ерекшелігі болып табылады.

      КОК № 328 шешімінің 6-тармағында айқындалған тауарлар Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен 6 (алты) айға дейінгі мерзімге арнайы кедендік рәсімге орналастырылады.

3. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарды пайдалану және билік ету бойынша шектеулер

      21. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды пайдалану мақсаты өзгерген жағдайда, олар басқа кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс.

      22. Бұрын арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды басқа кедендік рәсімге орналастыруды бір немесе бірнеше партиямен жүзеге асыруға болады.

      23. Осы Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санатына мынадай тауарлар жатқызылмайды:

      1) Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар;

      2) алкоголь өнімі (этил спиртінен басқа), сыра, темекі өнімі, бағалы металдар мен асыл тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар.

      24. Осы Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың арасынан мынадай тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыруға жол берілмейді:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 8702, 8703 және 8704 тауар позицияларының моторлы көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акцизделетін тауарлар;

      2) құрылыс және әрлеу материалдары;

      3) Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар;

      4) спорттық қару-жарақ, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен патрондарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен сауда саласындағы Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйымдар немесе шектеулер қолданылатын Бірыңғай тауарлар тізбесінің (бұдан әрі – бірыңғай тізбе) 2.22-тарауына енгізілген тауарлар (Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге, кеден аумағынан әкетуге және кедендік аумақ бойынша транзитке шектеулер қойылатын қызметтік және азаматтық қару-жарақ, оның негізгі (құрамдас) бөліктері және патрондары);

      5) бірыңғай тізбенің мынадай:

      2.14 (Кеден одағының кедендік аумағына әкелуі шектелген дәрілік заттар мен фармацевтикалық субстанциялар);

      2.16 (радиоэлектронды құралдар және (немесе) азаматтық мақсаттағы жиілігі жоғары құрылғылар, оның ішінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуі шектелген басқа тауарларға орнатылған не олардың құрамына кіретін құрылғылар);

      2.19 (Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуі және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуі шектелген шифрлау (криптографиялық) құралдары) деген бөлімдеріне енгізілген тауарларды қоспағанда, бірыңғай тізбеге сәйкес Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар.

      25. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес мынадай тауарларды:

      1) Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарларды;

      2) бірыңғай тізбенің 2.22-тармағына енгізілген тауарларды (Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуіне, кедендік аумақтан әкетілуіне және транзитке шектеу қойылған қызметтік және азаматтық қару-жарақ, оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен патрондары);

      3) бірыңғай тізбеге сәйкес Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және (немесе) кедендік аумағынан әкету шектелген дәрілік заттар түріндегі есірткі мен психотроптық заттарды қоспағанда, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды;

      4) алкоголь өнімін (этил спиртінен басқа), темекі өнімін, бағалы металдар мен асыл тастарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды арнайы кедендік рәсімге орналастыруға жол берілмейді.

      26. Осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес мынадай тауарларды:

      1) Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды;

      2) бірыңғай тізбенің мынадай:

      2.16 (радиоэлектронды құралдар және (немесе) азаматтық мақсаттағы жиілігі жоғары құрылғылар, оның ішінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуі шектелген басқа тауарларға орнатылған не олардың құрамына кіретін құрылғылар);

      2.19 (Кеден одағының кедендік аумағына әкелінуі және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуі шектелген шифрлау (криптографиялық) құралдары) деген бөлімдеріне енгізілген тауарларды қоспағанда, бірыңғай тізбеге сәйкес Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыруға жол берілмейді.

      27. Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарының ережелері КОК-тың № 329 шешімінің 10 және 13-тармақтарында көрсетілген тауарларға ғана қолданылады.

4. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібі

      28. Толықтай тұтынылған, жойылған және тегін үлестірілген тауарларды қоспағанда, осы Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген тауарлар декларант мәлімдеген осындай тауарларды пайдалану мақсаттарына және мерзімдеріне негізделе отырып, кеден органы белгілеген мерзім ішінде Кеден одағының кедендік аумағына қайтадан әкелінуі немесе басқа кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс.

      Толықтай тұтынылған, жойылған және тегін үлестірілген тауарларды қоспағанда, осы Қағидалардың 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған және Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлар декларант мәлімдеген осындай тауарларды пайдалану мақсаттарына және мерзімдеріне негізделе отырып, белгіленген мерзім ішінде Кеден одағының кедендік аумағына қайтадан әкетілуі немесе өзге кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс. Көрсетілген мерзім осындай тауарлар арнайы кедендік рәсімге орналастырылған күннен кейінгі күннен бастап бір жылдан аспайды.

      Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын табыстау қажет болған кезде, төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен тұлғаларға тегін үлестіруді қоспағанда, арнайы кедендік рәсім Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес осындай тауарларды иелену, пайдалану және билік ету құқықтары табысталғанға дейін басқа кедендік рәсімге өзгертілуі тиіс.

      29. Осы Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес осы Қағидалардың 13-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінің негізінде декларант мәлімдеген осындай тауарлардың пайдаланылу мерзімдеріне сүйене отырып, уәкілетті органы жазбаша растау берген мемлекеттік кіріс органы белгілеген мерзімде өзге кедендік рәсімге, оның ішінде оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін рәсімге орналастырылуы тиіс.

      Мемлекеттік кіріс органына уәкілетті орган берген және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында тауарлардың толықтай тұтынылғанын не спорттық іс-шараларға қатысушыларға марапаттау атрибуты ретінде берілгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттар осы Қағидалардың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында толықтай тұтынылған не спорттық іс-шараларға қатысушыларға марапаттау атрибуттары ретінде берілген тауарларға қолданылмайды.

      30. Осы Қағидалардың 14-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлардың пайдаланылу мақсаты өзгерген кезде олар арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырған мемлекеттік кіріс органына осындай әкету туралы міндетті түрде хабарлай отырып, объектілердің аумағынан және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілуі тиіс және (немесе) Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес өзге кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс.

      Арнайы кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығаруды жүзеге асырған органға коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес осындай тауарлардың атауы, олардың саны мен құны туралы мәліметтер қамтылған тұтынылған және (немесе) жойылған тауарлардың тізбесі ұсынылған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттар осы Қағидалардың 14-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, объектілердің аумағында тұтынылған және (немесе) жойылған тауарларға қолданылмайды.

      31. Осы Қағидалардың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларант мәлімдеген осындай тауарларды пайдалану мақсаттары мен мерзімдеріне негізделе отырып және осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органына тауардың мақсатты тағайындалуы туралы растама берген мемлекеттік кіріс органы белгілеген мерзімде Кеден одағының Кеден кодексіне сәйкес өзге кедендік рәсімге, оның ішінде оларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге жол беретін рәсімге орналастырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шарттар уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органына ғарыш аппараттарының мақсатты тағайындалуы туралы растаманы, ғарыш аппараттарының ұшырылғанын растайтын құжаттарды, уәкілетті орган куәландырған растаманы және тауарлардың атауы мен саны туралы мәліметтен тұратын тізілімді, ғарыш аппараттарын ұшыруға дайындаған және өткізген кезде толықтай тұтынылған және (немесе) жойылған тауарлардың тізілімін ұсынған кезде осы Қағидалардың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, ғарыш аппараттарын ұшыруға дайындаған және ұйымдастырған кезде пайдаланылған (жұмсалған), толықтай тұтынылған және (немесе) жойылған тауарларға қолданылмайды.

      Ғарыш аппараттарын ұшыруға дайындаған және оны жүргізген кезде пайдаланылған (жұмсалған), толықтай тұтынылған және (немесе) жойылған тауарларды қоспағанда, осы Қағидалардың 15-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды басқа кедендік рәсімге орналастыру үшін ғарыш аппараттары ұшырылған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде, ал мұндай ұшыру болмаған жағдайда ғарыш аппараттарын ұшыруды болдырмау туралы шешім қабылданған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде уәкілетті органы нысаналы мақсаты туралы растама берген мемлекеттік кіріс органына осы тауарларға қатысты кедендік декларация беріледі.

      32. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы осындай рәсімнің, оның ішінде оларды Кеден одағының кедендік аумағынан шығаруға жол беретін рәсімнің талаптары мен шарттары сақтала отырып, осы тауарларды өзге кедендік рәсімге орналастыру арқылы, ал осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты осы тармақтарда көзделген іс-қимылдарды жасау арқылы аяқталады.

      33. Осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде мемлекеттік кіріс органына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар туралы құжаттар мен мәліметтер тізбесімен қоса өтініш (бұдан әрі – тауарларға арналған өтініш) беріледі.

      34. "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесінің объектілерін салу кезінде толық пайдаланылған, жұмсалған не өздерінің әдеттегі мақсатына сәйкес одан әрі пайдалану үшін жарамсыз күйдегі тұтынылған тауарларға (құрылыс материалдарына, жабдықтарға және басқа тауарларға) қатысты арнайы кедендік рәсім мемлекеттік кіріс органына декларант тауарлардың көрсетілген мақсаттарда тұтынылғанын растайтын құжаттармен (орындалған жұмыстар актісі, қабылдау-тапсыру актісі, материалдық есеп, есептен шығару актісі және/немесе өзге құжаттар) қоса, олардың атауы, өлшем бірлігі, саны, құны, сондай-ақ олар арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларациясының нөмірі көрсетілген тауарларға арналған өтінішті, сондай-ақ уәкілетті ұйымның "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесін өткізу және ұйымдастыру барысында тауарлардың толығымен пайдаланылғаны туралы жазбаша растамасымен қоса, тауарлар тізбесі қамтылған өтінішті ұсынуымен аяқталады.

      35. Тегін таратылған тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсім мемлекеттік кіріс органына декларанттың олардың атауы, өлшем бірлігі, саны, құны, сондай-ақ оған сәйкес арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларациясының нөмірі көрсетілген, тауарлардың көрсетілген мақсаттарда тұтынылғанын растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, қабылдау-тапсыру актісі, материалдық есеп және/немесе есептен шығару актісі) мен уәкілетті ұйымның жазбаша растамасымен қоса, тегін таратылған тауарлар тізбесін қамтитын тауарларға арналған өтінішті ұсынуымен аяқталады.

      36. Аварияның не еңсерілмес күш әрекетінің салдарынан мүлдем жоғалған, зақымданған немесе жойылған тауарларға қатысты, сондай-ақ олардың табиғи тозуы немесе қалыпты жағдайларда тасымалдау, көлікпен тасымалдау, сақтау мен қолдану (пайдалану) және тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастырған тұлғаның іс-қимылына тәуелсіз жағдайларда табиғи азаюы салдарынан көрсетілген тауарлардың саны мен күйі өзгерген кезде арнайы кедендік рәсім декларанттың мемлекеттік кіріс органына себептерін, тауарлардың атауын, өлшем бірлігін, санын, құнын, сондай-ақ растау құжаттарымен қоса, оған сәйкес олар арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар декларациясының нөмірі көрсетілген тауарларға арналған өтінішті ұсынуымен аяқталады.

      37. Осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы мұндай тауарларды қандай да бір өзге кедендік рәсімге орналастырылмастан аяқталады.

      Осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарында көрсетілген тауарларға қатысты арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде тауарларға декларация тапсыру талап етілмейді.

      38. Осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін көрсетілген тауарлар кедендік бақылауда деп саналмайды.

      39. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде тауарларды сәйкестендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдары кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) декларант ұсынатын өзге құжаттарды пайдаланады.

      40. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру жолымен аяқталған кезде кедендік әкелу баждарының, салықтардың мөлшерлемелері, тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай мәніндегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі және өзге сипаттамасы) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыруға берілген тауарлар декларациясын мемлекеттік кіріс органы тіркеген күнге, олар Кеден одағының кедендік аумағына сол күні әкелінгендей айқындалады.

      41. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру үшін берілген тауарлар декларациясы тіркелген күні қолданылған тыйым салулар мен шектеулер қолданылады.

      42. Арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттарын бұзған жағдайда, декларант мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлейді.

      43. Осы Қағидалардың 32, 34, 35 және 36-тармақтарында белгіленген жағдайларда арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде декларанттың арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға қатысты кедендік кіріс баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттері аяқталады.

      Басқа жағдайларда, кедендік баждар, салықтарды төлеу міндеттері Кодекстің 129-бабының 2-тармағына сәйкес тоқтатылады.

      44. Арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға қатысты енгізілетін кедендік кіріс баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:

      1) арнайы кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулер сақталмаған кезде – тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларацияны мемлекеттік кіріс органдары тіркеген күні;

      2) осы Қағидалардың 32, 34, 35 және 36-тармақтарына сәйкес арнайы кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған жағдайда – тауарлардың арнайы кедендік рәсімде болуының белгіленген мерзімі өткен күн болып есептеледі.

      45. Осы Қағидалардың 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарының ережелері КОК № 329 шешімінің 10 және 13-тармақтарында көрсетілген тауарларға ғана қолданылады.

  Арнайы кедендік рәсімді қолдану
қағидаларына, оны қолдану
ерекшеліктеріне, тауарларды арнайы
кедендік рәсіммен орналастыру шарттарына,
тауарларды пайдалану және оларға билік
ету жөніндегі шектеулерге, арнайы кедендік
рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері
мен тәртібіне қосымша

Арнайы кедендік рәсімді аяқтау мақсаттары үшін
ТАУАРЛАРҒА
ӨТІНІШ

      Арнайы кедендік рәсімді аяқтау мақсатында осы арқылы арнайы кедендік рәсімге орналастырылған, толығымен (қажетті бағанның астын сызыңыз):

      1) пайдаланылған, жұмсалған, жойылған не әдеттегі мақсатына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамсыз күйдегі;

      2) тегін таратылған;

      3) аварияның не еңсерілмес күш әрекетінің салдарынан мүлдем жоғалған, зақымданған немесе жойылған тауарларға қатысты, сондай-ақ олардың табиғи тозуы немесе қалыпты жағдайларды тасымалдау, көлікпен тасымалдау, сақтау мен қолдану (пайдалану) кезінде көрсетілген тауарлардың саны мен күйі өзгерген тауарлар туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын.

      1. Тауарлар декларанты туралы мәліметтер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйым үшін – атауы мен орналасқан жері/мекенжайы; жеке тұлға үшін – Т.А.Ә. мен оның тұратын жері/мекенжайы, тұлғаны куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасында қолданылатын БСН/ЖСН, бар болған жағдайда)

      2. Кеден өкілі туралы мәліметтер:

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (өтінішті кеден өкілі берген жағдайда: ұйым үшін – атауы мен орналасқан жері/мекенжайы; Кеден өкілдер тізіліміне қосу туралы куәландырылатын құжаттың №, декларантпен жасасқан шарттың № мен күні)

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының атауы, өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т. А. Ә.:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Тауарлар туралы мәліметтер:

Р/с №

Тауарлардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды

Тауарлардың құны және валюта

сы

Тауар

лар декларацияның нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

Жұмсалған/толығымен тұтынылған тауарлар















Одан әрі пайдалануға жарамсыз тауарлар















Жойылған тауарлар















Мүлде жоғалған тауарлар















Тегін таратылған тауарлар















      Өтінішті толтырған тұлға туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., оның ішінде осы тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер)

      Күні: ______ж. "____" ___________

      Қолы_____________________________

      М.О.

      Мемлекеттік кіріс органының арнайы кедендік рәсімнің аяқталуы туралы белгісі

      ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады