Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 363 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 102 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 03.03.2018 № 102 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әбілқасымқызы Әзімова Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілі және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілі болып тағайындалсын.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Ербол Қанатұлы Оспанов Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

О назначении представителя Республики Казахстан в Межгосударственном совете по вопросам правовой охраны и защиты интеллектуальной собственности и полномочного представителя Республики Казахстан в Административном совете Евразийской патентной организации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2017 года № 363. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2018 года № 102

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.03.2018 № 102.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Назначить представителем Республики Казахстан в Межгосударственном совете по вопросам правовой охраны и защиты интеллектуальной собственности и полномочным представителем Республики Казахстан в Административном совете Евразийской патентной организации Азимову Эльвиру Абилхасимовну - заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.

      Заместителем полномочного представителя Республики Казахстан в Административном совете Евразийской патентной организации назначить Оспанова Ербола Канатовича - директора республиканского государственного предприятия "Национальный институт интеллектуальной собственности" Министерства юстиции Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 48 "О назначении представителя Республики Казахстан в Межгосударственном совете по вопросам правовой охраны и защиты интеллектуальной собственности и полномочного представителя Республики Казахстан в Административном совете Евразийской патентной организации".

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев