Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 363 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.06.2017 № 363 қаулысымен.

      2010 жылғы 19 қарашадағы Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау саласындағы ынтымақтастық және Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімді және 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразия патенттік конвенциясының 3-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Абзал Қуанышбекұлы Естаев Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілі және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілі болып тағайындалсын.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1227 қаулысы;

      2) Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1227 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 шілдедегі 988 қаулысы.

      3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады