1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне стратегиялық объектіге (Кеңқияқ – Құмкөл магистральді мұнай құбырының талшықты-оптикалық кабелінде орналасқан төрт бір модты оптикалық талшықты "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамына жалға беру бойынша) ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |